«Азаматтық қорғаныс» және ТЖ

Выпуск - №9(506)   :   10.03.2022
454

Арқалық қаласындағы Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің кітапханасында наурыз айының 1-інде атап өтілетін Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

Тағылымды басқосу жастарға Азаматтық қорғаныс туралы түсінік беру, оның өмірдегі маңыздылығын таныту, төтенше жағдайдың (ТЖ) пайда болу себептері, оның түрлері мен сипаты және қауіпсіздік шараларымен таныстыру мақсатын көздеді. Отырысқа Арқалық қаласы №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі басшысының орынбасары, азаматтық қорғау капитаны Слан Бексұлтан Дәуітбайұлы, Арқалық қаласы №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Нағашыбай Айбек Қайрақбайұлы қатысты.


Дөңгелек үстел қатысушылары бұл мамандықтың қызығы мен шыжығы қатар жүретіндігін тағы бір мәрте дәлелдеп көрсетті. Өз сөзінде олар төтенше жағдай орын алғанда ең бірінші ұстану керек қағидалар мен ережелерін таныстырып өтті. Оның ішінде: үрейге жол бермеу, байыппен ойланып қозғалу, дүрбелең тудырмау, айқайламау, жан-жағындағыларға қамқор болу. Ешқандай оқыс қимылдар мен басқа жанындағы адамдардың өмірі қауіпсіздікте болғанша бірлесіп әрекет етудің маңызына тоқталып өтті. Сонымен қатар төтенше жағдайда ұстанатын ережелерді естен шығармай, бір-бірлерімен бөлісудің өте маңызды екенін жеткізді. Өйткені, білімсіздік өмірімізге қауіп төндіруі мүмкін.

Артынша арнайы дайындалған слайд арқылы түсіндірме жұмысы жүргізілді. Аталмыш іс-шараға МД 42 тобының білім алушылары қатысып, көкейлерінде жүрген бірнеше сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын ала білді. Қазіргі заманның батырлары деп Төтенше жағдай қызметкерлерін айтар едім. Чехия елінің ақыны Юлиус Фучик айтқандай: «Батыр – ол адамзат қоғамының мүддесі үшін, сын сағатта қолынан келген барлық мүмкіндікті жасай алатын адам». Алдағы уақытта да колледж кітапханасында бірнеше іс-шаралар атқарылады деген ойдамыз.


Екатерина ҚОЛДАСБАЕВА,
Айнұр МҰХАМЕДЖАНОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжінің кітапханашылары,
Арқалық қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.