
Мичурин жалпы білім беретін мектебінде қазақ бастауыш сыныптар арасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында «Әжемнің еретегісі» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді.

Ұлттық тәлім-тәрбиенің, яғни халықтың сан ғасырлық тәлімінің ұрпақ тәрбиелеудегі алатын орны ерекше. «Жан тұрмысы өркендеу үшін, яғни ойы, ақылы кеңейіп, құлқы түзеліп, тілі баю үшін жас балаға ертегі тым қымбат нәрсе», – деп Мағжан Жұмабаев айтып кеткендей, ертегінің бала тәрбиелеу ісінде алар орны ерекше. Сондықтан да, ертегі мазмұнының негізгі бағыты «жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуді» насихаттауға бағытталды.

Оқушыларға ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жататындығын түсіндіре отырып, ойын ойнату арқылы ертегілер жайлы қызықты суретті сұрақтар қойылды. Аталмыш іс-шараға мектептің 1 «Ә» сыныбының ата-аналары мен оқушылары белсене қатысты. Төлепбергенқызы Күлпаш әжей балаларға «Жақсылыққа жақсылық» ертегісін баяндап, түсінгендігін сұрақтармен тексерді. Ал, 1-сынып ата-аналары «Жамандық неден болады?» еретегісін сахналаса, 1-сынып оқушылары «Бауырсақ» еретегісін қуыршақтардың көмегімен сахналады. Олар қуыршақтарды қолға киіп, қимылға келтіріп, жақсы ойын көрсете білді.

Тәрбиесі мол іс-шара ұлттық кимешек киген әжелеріміздің «Әжемнің шеберханасы» атты бөлімде өзінің қолөнер шеберлігін көрсетуімен жалғасын тапты. Жас буынға тәрбие жұмысын салт-дәстүрімізді сабақтастыра отырып, әжелеріміз кілем тоқу, құрақ құрау, жіп иірудің өзіндік тарихы мен маңызын айтып, көрсетті. Танымдық тәрбиелік іс-шарада дастархан жайылып, әжелерімізден бата алдық. Сыныптан тыс іс-шара музыкалық әуенге ұласты.

Ханзада ТУЛЕКИНА,
Мичурин ЖББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі,
Қостанай ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.