Қазақ халқының рухани байлығын бала бойына сіңіру домбырадан басталады. Қостанай қаласындағы №10 ОМ «Киелі Домбыра» үйірмесіне жетекшілік етіп келе жатқаныма биыл 11 жыл.

Осы уақыт ішінде көптеген шәкірт тәрбиелеп, ата-бабамыздың бізге қалдырған мол қазынасын жастардың санасына құйып, көптеген ұлы композиторлардың шығармаларын үйретіп келемін. «Киелі домбыра» үйірмесінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты құрылған «Жас толқын», «Домбыра Дастан», «Жастар», «Қос қанат» сынды бірнеше ансамбльдер бар. Олардың барлығы да көптеген байқаулардың жеңімпаздары.
2015 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан қалалық «Алтын домбыра» байқауында біздің оқушылар жеке және топпен орындаушылықтан жылда жүлделі орындарға ие болып жүр. Сондай-ақ қалалық «Ғасырлар үні», республикалық «Ақжелең», «Жұлдызды Олимп», халықаралық «Таңғы шұғыла», «Звезды Мира», «Звезда удачи», «Золотая Россыпь» секілді көптеген байқауларға қатысып, бірнеше дүркін Гран-При, 1, 2, 3-орындармен қанжығасын майлап келеді.

Олардың ішінде жеке орындаушылықтан жылдар бойы бірнеше рет жүлделі орын алған 11-сынып оқушысы Аяжан Алтайқызы, 5-сынып оқушысы Жібек Әлиева және 4-сынып оқушысы Томирис Амангелдіні атап өтуге болады. «Мектеп ұстаздар әлемі» шығармашылық орталығының Абай атамыздың 175 жылдығына орай сырттай өткізген «Абай-175» республикалық балалалар шығармашылық бауқауына қатысып, Жібек Әлиева 1-орынға, Томирис Амангелді 2-орынға ие болды.
Жетістіктерімен көзге түсіп жүрген өнерлі жас домбырашылар осындай марапаттарға толы шығармашылық жол үстінде келеді. Бұның бәрі, әрине еңбектің арқасы. «Еңбек – ырыстың бұлағы, бақыттың шырағы» дегендей, дарынды шәкірттеріммен әлі талай биікті бағындаратыныма сенемін. «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға», – деп Абай айтқандай, көп еңбекті қажет ететін ұстаздық жолдың үлкен нәтижесі болары хақ.
Айнұр ӘБІШЕВА,
№10 ОМ «Киелі домбыра»
үйірмесінің жетекшісі,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.