Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
09/11/26 Понедельник

Бала тәрбиесі – баршаға ортақ іс

Выпуск - №45(593)   :   07.12.2023
928

Бала тәрбиесі – бүкіл қоғамның абыройлы міндеті. Жақында Ы.Алтынсарин атындағы гимназияда «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп негізі» тақырыбында ата-аналарға арналған форум ұйымдастырылды.

Адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы: ата-ана мен білім ордасы. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, толыққанды тұлға қатарына қосу. Кезінде әл-Фараби бабамыз: «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды», – демеп пе еді. Сол себепті, әрине, ата-аналар жас ұрпақтың тәрбиесіне барынша бет бұрулары керек. Ата-аналар ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін іс жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне, осылай ынтымақтаса атқарылған жұмыс ойдағыдай нәтиже берері хақ.

Ата-аналарға арналған форумға Қостанай қаласы «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің өкілдері арнайы шақырылды. Іс-шараның басты мақсаты – ата-аналардың санасын оятып, психологиялық-педагогикалық білімдері мен дағдыларын арттырып, жан-жақты қолдау көрсету. «Сенімен болашақ» қоғамдық бірлестігі өз алдына білім беру процесінің барлық субъектілері, оның ішінде олардың ата-аналары мен мұғалімдері өскелең ұрпақтың мәселелерін шеше алатын алаң құру міндетін қойып отыр.

Бірлестік басшысы Алпысбаева Гүлжан Жақсылыққызы ата-аналармен бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар туралы сөз қозғады. Қоғамдық бірлестіктің психолог маманы Арыстан Базаркүл Қапарқызы балалардың даму ерекшеліктері туралы айтып, ата-аналарға бағалы кеңестер берді. Іс-шараның соңында гимназия директоры Кисикова Актоты Жанараловна қорытынды сөз айтып, келген қонақтарға ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білімі мен дағдыларын арттырып, жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Алғыс хат табыстады.


Салтанат АХМЕТОВА,
Алмагуль ТАСМАГАНБЕТОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
гимназия директорының
тәрбие ісі жөніндегі
орынбасарлары,
Арқалық қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.