Үстіміздегі 2021-2022 оқу жылының үшінші тоқсаны Мичурин жалпы білім беретін мектебі үшін игі бастамамен басталды. Мичурин мектебінде дарынды да талантты оқушылар арасында «Мирас» білім беру стипендиясын тағайындау конкурсы ұйымдастырылды.
Президенттің тапсырмасы бойынша 2022 жыл «Балалар жылы» деп жарияланғаны белгілі. Соның қарсаңында ұйымдастырылған конкурстың басты мақсаты: мемлекеттік тілді дамыту, дарынды оқушыларды қолдау, жаратылыстану-математика бағытындағы оқу пәндеріне қызығушылығы бар білім алушыларға қаржылай түрде стипендия тағайындау.
Конкурс 4 кезең бойынша өткізілді: бірінші және екінші кезеңде оқушылардың оқу үлгерімі ескерілді, портфолиосы бағаланды. Үшінші кезеңде білім алушылар таңдау бойынша төрт тақырыптың біріне 250-300 сөз көлемінде эссе жазды. Төртінші кезеңде жалпы қорытындысы шығарылды. Байқауда оқушылар үздік білім деңгейлерін көрсетті, эссе жазуда ойлау ұшқырлығы, тілдік қоры, қазіргі әлемде болып жатқан оқиғаларға өзінің көз-қарасы, пікірі, ақпаратты жеткізіп, талдай білуі сынды қабілеттері сыналды.
«Мирас» білім беру стипендиясын ерікті түрде қаржыландырушы, конкурсты ұйымдастырушы, география пәнінің мұғалімі, мектеп басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары Саят Есембек. Аталмыш конкурсқа мектептің үздік оқитын оқушылары қатысты. Әділ қазылар алқасы кандидаттардың әр кезеңдегі нәтижелерін «Мирас» білім беру стипендиясының ережелеріне сай әділ бағалап, оны хаттамаға толтырды. Бұл конкурсқа қатысу барысында сынып жетекшілердің, ата-аналардың үлесі зор болды. Себебі әр үміткер жеңімпаз болуға лайық, өз бақтарын білім бәйгесінде сынады.
Барлық іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, жеңімпаз ретінде 8 «Ә» сыныбының оқушысы Санжар Бітібай танылды. Бұл Санжардың өз білімімен жеңіп алған бірінші байқауы емес, бұған дейін ауыл мектептеріне арналған Елбасының «Мың бала» байқауының жеңімпазы атанған. Талай жарыстарда бақ сынап, биіктерден көрініп жүр. Аталмыш байқау мектеп пен ата-аналар арасындағы «Үндестік» жобасының дамуына үлес қосты. Дарынды оқушылар – мектебіміздің мақтанышы, еліміздің болашағы!
Айнаш ДАДАНОВА,
Мичурин ЖББМ басшысы,
Қостанай ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.