Білім мен тәрбие – ұрпақ болашағының басты негізі. Осы бағытта ата-аналар мен мектептің бірлескен жұмысы айрықша маңызға ие. Мектебімізде ата-аналарды педагогикалық қолдау мақсатында «Логикалық ойлау» тақырыбында ерекше сабақ өтті.
Сабақтың басты мақсаты – ата-аналарды логикалық ойлауды дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдермен таныстыру және балаларды қолдау барысындағы рөлін түсіндіру. Позитивті бастама – сәтті сабақтың кепілі екені анық. Сабақ басында қатысушылар ерекше тәсіл арқылы топтарға бөлінді. Ата-аналарға әртүрлі геометриялық фигуралар ұсынылды. Олардың бетінде: «Сіз мықты анасыз», «Бақытты жансыз», «Үйіңіздің берекесісіз» деген мадақтау сөздер жазылған. Бұл ата-аналар арасында жылы қарым-қатынас орнатып, өздеріне деген сенімділікті нығайтты.
Жиын «Мен қандаймын?» атты психологиялық жаттығумен басталды. Ата-аналар өздерінің жағымды қасиеттерін атап өтіп, өзін-өзі тануға бағытталған тапсырмаларды орындады. Осыдан кейін мектеп психологы Байбосынова Куралай Газезовна әртүрлі тренингтер ұйымдастырып, қатысушылардың бір-бірімен ашық әрі сенімді байланыс орнатуына мүмкіндік берді. Тақырыпты тереңірек тану үшін, негізгі бөлімде ата-аналарға логикалық ойлаудың балалардың дамуына тигізетін әсеріне қатысты бейнематериалдар мен слайдтар ұсынылды. Ата-аналар логикалық тапсырмаларды орындаудың жолдарын көріп, өз тәжірибелеріне қолдануға болатын пайдалы әдістермен танысты.
Сабақ соңында ата-аналар өздерінің ой-пікірлерімен бөлісіп, логикалық ойлауды дамытудың қажеттілігін терең түсінді. Сабақтың ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалап, балалардың ой-өрісін кеңейтуде алған білімдерін қолданатындарын айтты. Еліміздің болашағы – ұрпақ қолында. Сондықтан да, осындай сабақтар мен кездесулерді жиі ұйымдастырып, ата-аналар мен мектеп арасында берік көпір қалыптастыру – басты міндетіміз.
Алмагүл ӘУБӘКІР, Жанар САДУОВА, Нургуль КАТЕШОВА,
А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімдері,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.