Балалық шақтың жарқын әлемі

Выпуск - №23(719)   :   12.06.2026
444

1
 

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Ахмет Бірімжанов атындағы жалпы білім беретін мектепте айрықша сән-салтанатпен дәстүрлі «Балдәурен-2026» жазғы лагерінің ашылу рәсімі өтті.

Балалардың шат күлкісі мен қуанышты дауысы мектеп ауласын кернеп, жаздың алғашқы күні мерекелік көңіл-күйге бөленді. Салтанатты шараға мектеп әкімшілігі, ұстаздар қауымы, ата-аналар, оқушылар қатысты. Іс-шара Мемлекеттік әнұранмен ашылып, жас ұрпақтың жарқын болашағына арналған ізгі тілектер мен ақжарма құттықтаулар айтылды.

2


Мерекелік бағдарлама барысында мектеп оқушылары өнерлерін ортаға салып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Әсем әндер шырқалып, мың бұралған билер орындалды. Жаздың шуақты күндерін жырға қосқан көркем туындылар оқылып, балалардың шығармашылық қабілеттері мен таланты кеңінен танылды. Әрбір өнер нөмірі көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, мерекенің сәнін арттыра түсті.
Балалар үшін ерекше тосынсый жасаған аниматорлар мерекенің көркін қыздыра түсті. Қызықты ойындар, көңілді сайыстар және жарқын флешмобтар ұйымдастырылды. Лагерь қатысушылары белсенділік танытып, түрлі кейіпкерлермен бірге би билеп, ойын ойнап, көтеріңкі көңіл-күймен ұмытылмас сәттерді бастан кешірді. Іс-шараның құрметті қонағы ретінде «Qazaqbrend» ұлттық тәттілер дүкенінің директоры әрі брендтің негізін қалаушы Гүлнұр Кәкімбек қатысып, балаларға жүрекжарды лебізін білдіріп, мерекелік қуанышқа ортақтасты.
Осылайша, жазғы лагерьдің ашылуы балаларға шаттық пен қуаныш сыйлап қана қоймай, жаңа достықтың бастауы болып, жарқын әсерлер мен ұмытылмас естеліктерге жол ашты. Жазғы демалыс әр бала үшін қызықты оқиғаларға, жаңа жетістіктер мен жарқын кездесулерге толы болсын. Ал «Балдәурен» лагері балалардың бақытты балалық шағын байытып, олардың шығармашылығы мен қабілетін дамытуға бағытталған ерекше орта ретінде есте қалары сөзсіз.

Жаслан БЕКЕНТАЕВ,
А.Бірімжанов атындағы
жалпы білім беретін
мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.