«100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асырып, соның ішінде құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында А.Нұрманов атындағы орта мектепте «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» атты акция ұйымдастырылды.

Қоғамда болып жатқан дүниелердің барлығы дерлік отбасынан бастау алады. Сондықтан қоғамды тазарту үшін, ең алдымен, отбасындағы тәрбиелеу жұмыстары мен сауаттылықты дұрыс бағыттауымыз қажет. Осы мақсатта зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары іске асырылуда.
Аталмыш жоспардың мақсаты – отбасындағы тұрмыстық қатынастар аясындағы құқық бұзушылықты төмендету, кәмелеттік жасқа толмағандар арасында болып жатқан күш көрсетудің алдын алу. Жоспар бойынша даярлық сынып бүлдіршіндерімен бірге 1-сынып оқушылары арасында «Әрқашан күн сөнбесін» шығармашылық сурет көрмесі, 4-7 сынып оқушыларына «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алды алу» тақырыбында кездесу, 5-7 сынып оқушыларымен «Біз саламатты келешек үшін» флешмобы, 1-11 сынып оқушылары арасында «Әр бала зорлық-зомбылықсыз балалық шаққа құқылы» тәрбие сағаттары және 9-11 жоғарғы сыныптарда «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» атты тренингтер ұйымдастырылып, әрбір өткізілген іс-шараның мақсаттары айтылып өтті.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», – деген екен ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби. Сол себепті тәрбиені түзегеніміз – қоғамға дерт емес, абырой алып келер азамат пен азаматша өсіргеніміз. Зорлық-зомбылықтың санын емес, зорлық-зомбылықты жою қамын қарастыруымыз қажет. Сонда ғана, зорлық-зомбылықтың қоршауынан шығамыз. Қысымсыз өскен өскелең ұрпақ – жарқын болашағымыздың кепілі.
Жазира САРМАНОВА,
А.Нұрманов атындағы
ЖББОМ педагог-психологы,
Амангелді ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.