Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Білімнің кілті – бастауышта» атты Қостанай облысының бастауыш сынып мұғалімдерінің съезі өтті.
Облыстық съезге тәжірибесімен бөлісу мақсатында Қостанай облысының түпкір-түпкірінен бастауыш сынып мұғалімдері жиылып, өз жұмыстарының мақтан етер жетістіктерін көрсетті: жалпы мектеп жұмысының жүйесінің қорытындысымен қатар шебер және дарынды оқушыларының еңбектері болды. Бастауыш сынып оқушыларының табиғатқа деген жанашырлықпен жасалған эко өнімдері көрмесі де болды, 1-2 жыл ішінде жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесімен де, жаратылыстану сабақтарындағы зертханалық жұмыстары мен жобаларын да таныстырды.
Бағдарламаға сәйкес «Білімнің кілті – бастауышта» атты Қостанай облысының бастауыш сынып мұғалімдерінің съезі пленарлық отырыстан басталды. Бір жарым сағат ішінде пленарлық отырыста Қостанай облысы мектептеріндегі бастауыш білім беру жағдайы, бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлаудағы сабақтастық мәселесі, бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың маңыздылығы мен ерекшеліктері, бастауыш сынып оқулықтарының жағдайы бойынша мәселелер қарастырылды. Жалпы съезде бастауыш сынып мұғалімдерінің көңілінде жүрген біраз мәселелер қозғалды. Пленарлық отырыстың аяқталуымен секциялар жұмыстарын жалғастырды.
1 секция: Бастауыш білім беру мазмұны.
2 секция: Бастауыш білім берудің әдістемелік жүйесі.
3 секция: Бастауыш мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру.
4 секция: Бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуетін арттыру.
Әр секция жұмысында педагог-шеберлер мен педагог-зерттеушілер өздерінің іс-тәжіибелерін шеберлік сыныптар арқылы көрсетті. Осы жұмыс барысында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби біліктерінің жоғары екендігін, шығармашылықпен жұмыс жасай алатындығына көзім жетті. Бастауыш сынып мұғалімдері рухани дамудың қазығы іспеттес болғандықтан білім бұлағында тұрған ұстаздардың көптен күткен жиыны жоғары дәрежеде өтті. Осындай ауқымды іс-шараның ұйымдастырушыларына алғысым шексіз екендігін айтып өткім келеді.
Айгүл ГИЗАТОВА,
№2 Қамысты ЖББМ
бастауыш сынып мұғалімі
Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы қарсаңында Қостанай педагогикалық колледжінде «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ басшысы Зәуре Байменованың қатысуымен «Білімнің кілті – бастауышта» атты бастауыш сынып мұғалімдерінің съезі өтті. Съезд жұмысына облыстың барлық қала, аудандарынан 100-ден астам педагог, сондай-ақ әдіскерлер, жоғары оқу орындарының, колледждерінің оқытушылары, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» мамандары қатысты.

Зәуре Әнуарбекқызы бастауыш сынып мұғалімдерінің баланың тұлғасын қалыптастырудағы маңызды рөлін атап өтіп, съезге қатысушыларды құттықтады. Съезд 4 кезеңге бөлінді: көрме жұмыстары, пленарлық отырыс, секция жұмыстары және фасилитациялық сессия өткізілді. Секциялық жұмысы келесі тақырыптар бойынша ұйымдастырылды: бастауыш білім беру мазмұны; бастауыш білім берудің әдістемелік жүйесі; бастауыш мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру; бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуетін арттыру.
Қарабалық ауданындағы Тоғызақ ЖББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Оксана Боженко және Қарабалық ауданындағы Мұхамеджан Сералин атындағы ЖББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гульнара Шишимбаева «Лэпбук оқыту мен тәрбиелеудің интербелсенді тәсілі» атты шебер-сыныбын өткізді. Мұғалімдер белсенділік танытып, талапқа сай лэпбук жасап шықты. Сондай-ақ съезде қатысушылар бастауыш тәрбие мен оқытуды дамыту бағыттары, бастауыш білім беру педагогтерінің кәсіби және жеке тұлғалық өсуі, оқыту сапасын арттыру, қашықтан оқытуға байланысты білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мәселелерін, бастауыш және орта буын сабақтастығы және басқа да мәселелерді талқылады.
Бастауыш сынып мұғалімдері білім басқармасының басшысына сұрақтарын тікелей қойып, өз тәжірибелерін ұсынуға және әріптестерімен пікір алмасуға мүмкіндік алды. Осындай үлкен іс-шараны ұйымдастырған «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ әдістемелік кабинетіне, бастауыш білім беру бойынша әдіскер Гайнеш Бекмаганбетоваға ризашылығымызды білдіреміз.
Гульнара ШИШИМБАЕВА,
М.Сералин атындағы ЖББМ
бастауыш сынып мұғалімі,
Қарабалық ауданы
Қашан да мұғалім – еліміздің білім беру саласындағы басты тұлға. Білімнің сапалы берілуі мұғалімнің құзыретіне кіреді. Мемлекетіміз педагогтердің мәртебесін қолға алуда. Осыған орай үстіміздегі жылдың наурыз айында Қостанай қаласында «Білімнің кілті – бастауышта» атты облыстық бастауыш сынып мұғалімдерінің сьезі өтті. Аталмыш басқосуға педагогикалық жоғары оқу орындарының оқытушылары, Қостанай облысы бойынша бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, тақырып төңірегінде ойларымен бөлісті.
Жиын барысы үш кезеңнен тұрды. Өңірлік бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдердің жобалық зерттеу жұмыстарынан көрме ұйымдастырылып, пленарлық отырыспен жалғасын тапты. Ал секциялық кезеңде педагогтер өз іс-тәжірибелерімен баяндама оқу, шебер-сынып өткізу арқылы ортаға салды. Жалпы 21 педагогтің таныстырылымы тыңдалып, 8 шебер-сынып ұйымдастырылды.
Мен де аталмыш сьезге қатысып, «Бастауыш сынып математикасындағы жаңа логикалық амалдар» тақырыбында шебер-сынып өткіздім. Іс-тәжірибем әріптестер көңілінен шығып, осы тақырыпта авторлық жұмыс жазуды ұсынды. Әрине, бұл мен үшін үлкен қуаныш. Алдағы уақытта жұмысымды толықтырып, авторлық жұмыс жазуды қолға аламын деп бел буып отырмын. Бұл съезд маған өз-өзіме деген сенімімді арттырып, шығармашылық шабыт берді. Өз қоржынымды баға жетпес жаңа идеяларға толтырып қайттым.
Педагогтер тарапынан алған кері байланысқа қарап, съездің өте пайдалы болып, өз мақсатына жеткенін байқауға болады. Қатысушылар онлайн режим мен карантин талаптарынан арылып, бір-бірімен бетпе-бет кездесіп, тәжірибе алмасқаны үшін қуанышты. Осылайша педагогтердің шеберлігін шыңдайтын, әдістемелік қоржынын байытатын басқосулар өз жалғасын таба берсе екен деген ұсыныспен оралдық.
Алмагүл НҰРҒАЛИЕВА,
Жаңа ауыл ЖББ ОМ
бастауыш сынып мұғалімі,
Амангелді ауданы,
Үрпек ауылы
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!
Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.