Бастауыш сыныптың заманауи мұғалімі

Выпуск - №48(596)   :   23.12.2023
544

Ұстаздық – жай ғана мамандық емес, ол – адам бағдарын жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі. Осындай қасиетті де киелі мамандық иесі екенімді мақтаныш сезіммен айтамын. Себебі өмірімдегі бақытым – жүрек қалауымен ұстаз болуым.

Күн сайын алдымда отырған бүлдіршіндерімнің сүйкімді де әдемі, ақылды жүздерін көріп, жанарларындағы білуге құштарлық пен әртүрлі сұрақтар маған шабыт береді. Олардың менен күтетіні көп... Қазіргі оқыту үрдісінің мақсаты – оқушыны жан-жақты дамыған, функционалды сауатты, бәсекеге қабілетті жеке тұлға етіп тәрбиелеуге, білім беруге бағытталып отыр. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мен өз тәжірибемде инновациялық технологиялардың тиімді элементтерін оқушыларымның жас ерекшеліктеріне сай саралай отырып қолданамын.

«Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, оқушылардың білімді игеруінде біраз қиындықтар туындайтыны рас. Әсіресе ауызша, жазбаша тілдік қоры жеткіліксіз, баяу оқитын оқушылармен жұмыс барысында қандай да бір тақырыптар бойынша шағын мәтіндерді түсініп, тапсырмаларды өздігінен орындау да көп еңбектенуді, тер төгуді қажет етеді. Осы мәселелерді шешуде маған көп жылдық тәжірибем мен заманауи интербелсенді әдіс-тәсілдер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмектеседі. Оқушының қажеттілігіне қарай тиімді пайдалану арқылы олардың оқуға ынтасын, қызығушылығын, құштарлығын арттырамын.

Қазіргі балалар кітапты аз оқып, гаджеттер мен компьютерге көп уақыт бөледі. Сол себепті бастауыш сынып мұғалімі ретінде мені мынадай сұрақтар мазалайды: «Балалардың оқуға деген қызығушылығын қалай оятуға болады? Кітап оқуға қалай қызықтырсам екен? Оқу сауаттылығын қалай қалыптастыруға болады?». Осы сұрақтардың шешімін табу мақсатында 4-сыныпқа арналған «Кел, бірге оқиық!» факультатив курсының бағдарламасын құрастырдым. Бұл жұмысымның өзектілігі – білім алушылардың кітап оқуға құштарлығын, оқу сауаттылығын арттыру, білім алушыларды шығармашылық ізденіс жұмыстарына баули отырып, функционалды жеке тұлға ретінде қалыптастыру сияқты мәселелерді шешуде тиімді болып табылады.

«Кел, бірге оқиық!» факультатив курсын оқыту арқылы оқушыларымды кітапты білім мен ақпарат көзі ретінде қолдануға, кітаптың қазынасы мол әлеміне тартып, оқу сауаттылығын дамытуға ықпал етемін. «Кітап – өмірдің ең алыс және қараңғы жолдарында жарық беретін шам» демекші, қазіргі ақпарат заманында кітаптан қол үзіп алмауға бастайтын бұл курстың мәні мен маңызы зор деп есептеймін. Кітап оқуға қызығушылығын арттыру арқылы оқушылардың әртүрлі сұрақтар төңірегінде өздігінен ойланып, ой түю, туындаған мәселенің шешімін тауып, тұжырым, қорытынды жасай білу дағдылары мен ойын еркін жеткізу мәдениетін қалыптастырып келемін.

Ойымды қорытындылай келе, бүгінгі заманауи мұғалім шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны әлемдік білім, ақпарат кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Сондықтан да ол барынша жаңа технолгиялармен қаруланған, білімді де білікті, кәсібінің майталманы болғаны дұрыс. Бастауыш сыныптың заманауи мұғалімі ретінде «Еліміздің ең асыл қазынасы өскелең ұрпақты дамыта тәрбиелеуде жаңашыл, заманауи, ұстаз ретінде мен қандай үлес қосудамын?» деген сұрақтың жауабы мені әрқашан алға жетелейді.


Коммуна АРТИКОВА,
Мұса Шожанов атындағы
№2 ЖББМ бастауыш
сыныптар мұғалімі,
педагог-зерттеуші,
Жітіқара ауданы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.