Осындай тақырыпта Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің апталығы өтті. Танымды апталықтың жұмысы қарашаның 27-сі күні басталып, желтоқсанның 1-іне дейін жалғасты.

Апталық бастауыш мектеп оқушыларының танымдылық белсенділігі мен шығармашылығын дамыту, топпен ұйымшылдықпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін кеңейту мақсатын көздеді. Бастауыш сыныптар білім алатын мектептің іші тақырыпқа, мерекеге сай шарлармен, түрлі әдемі суреттермен безендіріліп, апталықтың ашылу салтанатында оқушылар бар өнерлерін ортаға салды. Ал бастауыш сынып педагогтері 4 пәннен ашық сабақтарын өткізді.
Математика пәнінен мен – Бибигуль Жумасаева, Бакытгуль Кенжеханова, Елмира Акылбекова; ал қазақ тілі пәнінен Гульшат Калимарданова. Сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, өзара тәжірибе алмастық. Оқушыларымыздың да сабаққа белсенді қатысқанын айта кеткен жөн. Әсіресе, бағалаудың ерекше жаңа әдістерін пайдалана отырып, сабақ жоспары оқушылардың қабілеттеріне сай жасалды. Оқытудың ұйымдастырудың әртүрлі формалары: ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс түрлері кеңінен пайдаланылды.
Бастауыш сыныптың апталығы болған соң, сыныптар барлық мектепішілік ұйымдастырылған іс-шараларға белсенді қатысты. Атап айтсақ, «Білгіштер» зияткерлік ойыны, «Абай оқулары», «Ыбырай салған сара жол», «Бастау» зияткерлік ойыны өткізілді. «Білгіштер» зияткерлік білім сайысын Гульмира Тукенова өткізді. Оқушылар рет-ретімен орындай отырып, тапсырмаларды толығымен қамтып, білімдерін көрсете білді. Әр тапсырма сайын сайыскерлерге ұпай саны қосылып отырды. Келесі «Бастау» атты математикалық зияткерлік ойынды Кымбат Султанова ұйымдастырды. Логикалық тапсырмалар болғандықтан, ойыншылардың арасынан жүйрік, мықты, шапшаң оқушылар байқалды.

Ұлмекен Ерекешева мен Айгүл Шайкина «Абай оқулары» атты іс-шараны ұйымдастырып, сәтті өткізді. Бұл байқау екі кезеңді қамтыды. Бірінші «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» кезеңінде Абай өлеңін мәнерлеп оқулары керек болса, екінші кезеңде қатысушылар Абайдың қарасөзін көркемдеп жеткізе білді. Мектеп оқушылары іс-шараға үлкен жауапкершілікпен дайындалып, дана Абай атамыздың ұлағатын тыңдармандардың жүрегіне жеткізуге тырысып бақты. Ұстазымыз Айгүл Саханова «Ыбырай салған сара жол» атты іс-шарасын өткізді. Ағартушының мұрасы – таусылмас қазына екені хақ. Театралдық көріністі ұйымдастыру арқылы оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді дарыту, Ыбырай атамыздың әңгімелеріне сахналық көрініс қоя отырып, оның шынайы өмірден алынғандығына назар аудару көзделді.
Ал ұстаз Арайлым Сапабек апталықтың жабылуына арналған салтанатты жиында концерт ұйымдастырды. Белсенді қатысқан оқушылар мадақтамамен марапатталды. Осылайша бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін ашып көрсетуге мүмкіндік берген апталық аясында оқушылар пән бойынша өте жақсы білім деңгейін көрсетті. Бұл – бастауыш сынып мұғалімдерінің ерінбей еткен еңбегі, өзара ынтымақтаса істелген жұмыстың арасында келген жетістік деп сеніммен айтуға болады.
Бибигуль ЖУМАСАЕВА,
Абай атындағы ЖББ
мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі,
Қостанай қаласы
Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!