Үстіміздегі оқу жылында Рудный қаласындағы Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте облыстық патриоттық бағыттағы тағылымы мол «Батыр партасы» жобасы бастау алды.
.jpeg)
Жобаның басты мақсаты – мектеп оқушыларын Отансүйгіштікке тәрбиелеу, ел тарихын және өзінің кіші Отанын, Екінші дүниедүзілік соғыс жауынгерлерінің соғыс қимылдары мен ерлік қаһармандарының, батырларының өткенін зерделеу. Осы аталған керемет жобаны жүзеге асыруда Рудный қаласындағы Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы Қояндыағаш ауылының тумасы, жерлесіміз, Кеңес Одағының батыры Баймағамбетов Сұлтан Біржанұлының ерлігі жазылған арнайы парта жасатып, жоспарлы түрде түрлі іс-шараларды ай сайын өткізуді қолға алған болатынбыз.
Осы уақытқа дейін, наурыз айында, «Батыр партасына» лайық деп танылған мектеп президенті, облыстық, республикалық мәнерлеп оқуларының бірнеше мәрте жеңімпазы 10-сынып оқушысы Армангүл Қабжан салтанатты түрде отырғызылса, сәуір айында жоспарға сай 1-2 сынып оқушыларының арасында «Менің атам – майдангер» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылып, ең үздік шығарманы нақышына келтіріп орындай білген жеңімпаз оқушылар «Батыр партасына» отыру құрметіне ие болды. Тарқатып айтсам, 1-сынып оқушылары Бақдәулет Өтеміс, Зарина Дусабек, сондай-ақ 2-сынып оқушылары Айару Дандибек, Қазына Қырықбаева осы «Батыр партасына» отыруға лайық деп табылды.
Сонымен қатар наурыз айындағы іс-шарада 3-4 сынып оқушыларына «Майдангер ардагерге хат» тапсырмасы беріліп, ардагерлер ерлігімен танысып, дереккөздеріне сүйене отырып шынайы лебіздерін ақ парақ бетіне түсіре білген оқушыларымыз: Гульнур Ергараева, Малика Каппарова, Саят Саламатов, Айым Какимжан және Айсултан Кожахмет «Батыр партасының» иегері атанды. Алдағы уақытта, мамыр айына жоспарланған «Танк көтерген батырлар» тақырыбында жоба қорғап, макет жасау байқауы жоспарлануда. Бұл жоба келесі желтоқсан айына дейін жалғасын таппақ. Иә, қазіргі таңда мектеп партасында отырған әрбір баланы білімді, дарынды, өнерлі, елжанды етіп тәрбиелеу – күн тәртібінен түспейтін міндет. Міне, осы орайда патриоттық жоба бастамасы да тәрбие жұмыстарының жүйеге келтіріп, бірізділікпен жүруіне септігін тигізгені анық.
.jpeg)
Болашақта жүзеге асырылатын жұмыс балалардың бойына тәрбие нәрін сеуіп, ынталарын арттырар деген сенімдемін. Ойымды жинақтай келе, «Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, «Батыр партасы» құрметіне ие болған оқушылар – білікті ұстаздар еңбегінің жемісі екені сөзсіз. Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген тәрбие мен білімде. Сондықтан дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін мектебімізде жоғарыда атқарылған маңызды жұмыстар жалғасын таба береді деген сенімдемін.
Абзал АҒАТАЙ,
М.Дулатұлы атындағы
ЖББ мектеп директоры,
Рудный қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.