Бейімбет Майлиннің 128 жылдығына орай мектебімізде «Белесі биік Би-аға» онкүндігі өтті. «Біздің Би-аға» портреттік сабақтарынан бастау алған іс-шарамыз Бейімбеттану кабинетінің ашылу салтанатымен жалғасты.


Қаламыздың ұстаздары үшін «Белесі биік Бейімбет» тақырыбында педагогикалық оқу өтті. Аталған іс-шарада ұстаздар озық ойдан түйін жасап ой бөлісті. Іс-шарамызға Ы.Алтынсарин атындағы облыстық мұражайы «Бейімбеттің биік тұлғасы» жылжымалы көрмесімен келді. Сондай-ақ оқушылардың қолынан туған шығармашылық жұмыстардың тұсаукесерлері, «Зерделі сөздің зергері – Бейімбет» буктрейлері, лепбук, макет, кубик-драйверлер жобалық қорғаулары, өмір шындығынан өріс тапқан қолөнер, шығармашылық сахналық қойылымдары мен «Бейімбеттің биігі» оқушылар арасында мәнерлеп оқу шеберліктері көрермен жүрегінен орын алды. «Әдеби экспресс» квест ойынына қатысып оқушылар «Үздік ТЕDx шебері», «Үздік тіл шеберлері» номинациясын иеленді. Табысты мектептің Би-аға жұлдыздарына айналған шабытты шәкірттері мен табысты күндері мол болғай.
Роза АХМЕТОВА,
Б.Майлин атындағы
№7 мектеп-гимназиясы
директорының тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары
Рудный қаласы
Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясында Бейімбет Майлиннің 128 жылдығына орай 8-9 сынып оқушылары мектеп мұғалімдерімен бірлесе қара сөздің қас шебері атанған Б.Майлин әңгімелері негізінде қойылымдар көрсетілді.


XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірегейі — Бейімбет Майлин. Ол поэзия, проза, драматургия жанрларында өнімді еңбек етіп, өз дәуірінің шындығын, қазақ елінің, әсіресе ауыл адамының санасындағы өзгерулер мен жаңаруларды, халықтың бастан кешірген күрделі оқиғаларын, әлеуметтік өмірдің шытырман қайшылықтарын көрсетті.
Кеңестік заманның алғашқы жиырма жыл ішіндегі қоғамдық құбылыстардың еңбекші адамға тигізген әсерін, қазақ халқының ғасырлар бойында қалыптасқан тұрмыстық, салттық болмысының, шаруашылық, кәсіптік негізінің жойылып, оның орнына жаңа қүрылымдардың табиғи орын теуіп болмаған кезеңінің сыры мен мұңын шебер суреттеді.
Оқушылардың театрлық қойылымдарда ойнау шеберлігінде шек жоқ. Олар қазақ қоғамының ескілікте көтерілген өмірлік мәселелерін «Күлпаш», «Сары ала тон», «Маржан», «Дәмештің хаты», «Шұғаның белгісі», «Сары май», «Қарашелек», «Ақ тоқты» шығармаларынан үзінділерді қою арқылы сомдады. Қойылымның безендірілуі, актерлердің киімі мен ойнау шеберлігі көрерменнің көңілінен шығып, ықыласқа бөленді.
Аяжан МАЛИКОВА,
Б.Майлин атындағы
№7 мектеп-гимназиясының
9 «Ә» сынып оқушысы,
Рудный қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.