Айсары жалпы білім беретін мектебінде Алтын күз мерекесіне орай мектеп ұжымы, оқушылар және ата-аналардың бірлескен еңбегі мен шығармашылық ынтымақтастығын көрсеткен «Күзгі асар» қайырымдылық жәрмеңкесі мен «Күздің сыйы» қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шара оқушыларды еңбекқорлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу, өз еңбегінің нәтижесін көруге және бағалай білуге үйрету, қайырымдылыққа баулу, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ халқымыздың ұмыт бола бастаған ұлттық дәстүрлерінің бірі – асар дәстүрін қайта жаңғырту болды. Жәрмеңке салтанатты ашылу рәсімінен басталды. Ашылу барысында әділ қазылар алқасы таныстырылып, олардың әр сыныптың дастарханын, безендірілуін, тағамдарының сапасы мен эстетикалық үйлесімін, шығармашылық көзқарасын бағалайтыны айтылды.
Әрбір сынып өз қолынан әзірлеген тағамдар мен маусым ерекшеліктеріне сай безендірілген дастархандарын ерекше дайындықпен ұсынды. Дастархандар күздің молшылығын, береке мен бірлікті сездірді. Жәрмеңке барысында ата-аналар, ұстаздар және оқушылар бірлесе әрекет етіп, көтеріңкі көңіл-күймен дәмді тағамдар ұсынып, белсенді сауда жүргізді. Сонымен қатар «Күздің сыйы» атты қолөнер көрмесінде оқушылар табиғи материалдардан жасалған ерекше бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды. Бұл көрме олардың шығармашылық қабілетін арттырып, экологиялық ойлауын дамытуға ықпал етті.
Жәрмеңке соңында әділ қазылар алқасының шешімімен әрбір сынып түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Мәселен, «Ең белсенді сынып», «Үздік безендіру», «Шығармашылық шеберлік», «Жомарт жүрек» (қайырымдылыққа көп үлес қосқан сынып), сондай-ақ «Көрермен көзайымы» сияқты аталымдар бойынша жеңімпаздар анықталып, дипломдар мен Алғыс хаттар табысталды. Ал жәрмеңкеден түскен қаражат сыныптардың қорына қалдырылып, сыныптың қажеттілігіне жұмсалатын болды. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар балалардың бойында еңбекқорлық, ұйымшылдық, қайырымдылық пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастырып, ұлттық дәстүрлерге деген құрметті арттыра түсетіні сөзсіз.
Нуртай АЙТЖАНОВ,
Айсары ЖББМ
алғашқы әскери және
технологиялық дайындық
пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.