Бес табан бәсекесінде үздіктер анықталды

Выпуск - №5(701)   :   06.02.2026
712

Бес табан бәсекесінде үздіктер анықталды (1)

Арқалық қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен қала және ауыл мектептерінің 7–8-сыныптарында оқитын ер балалар арасында бес табан ұлттық ойынынан жарыс өтіп, жасөспірімдердің шапшаңдығы мен ептілігі, мергендігі мен төзімділігі сыналды.

Жарысқа барлығы 15 команда қатысып, әр команда өз шеберлігін жоғары деңгейде көрсете білді. «Сен тұр, мен атайын» дегендей, сайдың тасындай іріктелген командалар арасында бәсеке өте қызу өтті. Қатысушылардың осалы болмады, әрбір ойыншы жеңіске деген жігерімен, ұлттық ойынға деген қызығушылығымен көзге түсті.
Тартысты өткен жарыс нәтижесінде финалға жолдама алған командалардың қатарында біздің А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияның командасы да болды. Білім ордасының намысын қорғаған оқушылар ойын барысында жоғары дайындықтарын көрсете білді. Команда құрамында бірінші сақада – Рамазан Болат, екінші сақада – Әбумәнсұр Рамазан, үшінші сақада – Алтынбек Егінбай өнер көрсетіп, бірліктің үлгісін танытты.
Жарыс қорытындысы бойынша біздің А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияның командасы жалпы командалық есепте жүлделі ІІ орынды қанжығасына байлады. Бұл – жас спортшылардың қажырлы дайындығы мен ұлттық ойынға деген құрметінің айқын көрінісі. Осындай жарыстар жасөспірімдердің рухын көтеріп, салт-дәстүрге деген сүйіспеншілігін арттырып, саламатты өмір салтын қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосады.

Наурыз ОРАЗБАЕВ,
А.Құнанбаев атындағы
мектеп-гимназияның дене шынықтыру
пәнінің мұғалімі,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.