Білім-ғылым үздіктері марапат биігінде

Выпуск - №20 (568)   :   27.05.2023
442

Қалалық балалар шығармашылығы мектебінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы мен олимпиаданың қорытынды кезеңдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Республикалық ғылыми жобалар байқауында 1-орын алған М.Горький атындағы гимназия шәкірттері Светлана Пак пен Анна Хлыстун, олардың ұстазы Ирина Яковлевна қала әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды

Іс-шараға Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев, қала мектептерінің директорлары, ата-аналар мен педагогтер және де білім мен ғылым саласында республикалық деңгейде үздіктердің қатарынан табылған мектеп оқушылары қатысты. Салтанатты шара барысында қала әкімі Марат Қонысбайұлы оқушылар мен олардың ұстаздарын республикалық деңгейде көрсеткен лайықты нәтижелерімен құттықтады. Биылғы республикалық ғылыми жобалар конкурсының және жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың қорытындысы бойынша биыл Қостанай қаласының оқушылар командасында 13 жүлделі орын бар, оның ішінде 1 алтын, 3 күміс және 9 қола жүлде. Бұл облыстың жүлде қорының 42%-ын, яғни шамамен тең жартысын құрайды.

– Бұл – үлкен еңбектің нәтижесі. Әрине, балалардың шынайы қалауынсыз, мұғалімдеріміздің кәсібилігінсіз жән ата-аналардың қолдауынсыз бұл жетістіктерге қол жеткізу мүмкін болмас еді. Бүгін біздің қала мектептерінің оқушылары үшін осындай маңызы зор іс-шараға қатысуымыз жанымызды нұрландырып отырғаны рас. Сонымен қатар биылғы оқу жылы аяқталуда, жақсы нәтижелеріміз де бар. Болашақта да осындай биік көрсеткіштер болады деп үміттенеміз. Педагогтеріміз де бұл жолда ата-аналармен бірге өз үлестерін қосатын болады. Ал біз, әрдайым балаларымыз үшін, олардың жеткен биігіне қуанамыз. Бүгін бізде мақтаныш ететін жандар және мақтан тұтатын себеп бар. Баршаңызды тағы бір мәрте құттықтаймын, – деп атап өтіп, ғылым-білім саласының үздіктеріне сәттілік тіледі.

Физика-матаматика лицейінің жүлдегерлері мектеп директоры және ұстаздарымен

М.Горький атындағы гимназияның физика мұғалімі Артем Москаленконың екі шәкірті – қола жүлде иегері

Артынша іс-шараның ең қызған сәті – салтанатты марапаттау рәсімі бастау алып, ең алдымен, қола жүлдегерлер, кейін күміс, ал артынша алтын иегерлері марапатталып, қала әкімінің қолынан Алғыс хатқа, гүл шоғы мен конвертке ие болды. Артынша олардың жетекші педагогтері ортаға шақырылып, қала әкімі Алғыс хатынан бөлек бір лауазымдық жалақы мөлшерінде ақшалай сыйлықақы сертификаты мен гүл шоқтарын табыстады. Рәсім қорытындысы бойынша 14 оқушы, 12 педагог және 14 ата-ана қала әкімінің атынан Алғыс хат пен гравертондарды иеленді.

Үздіктердің мерейі үстем болған салтанатты рәсімде жиналғандар ішінде марапатсыз қалған ешкім болмады. «Ұстаз мерейі – шәкірт жеңісінде» деген сөз бекер айтылмаса керек. Бұл күні соның кереметтей үлгісін көрдік. Айтқандай, ең алдымен, қола жүлдегерлер мен олардың ұстаздары ортаға шақырылды.

Олар: С.Мәуленов атындағы гимназияның 11-сынып оқушысы Нұрислам Аханов (ғылыми жобалар байқауы, «Физика» секциясы) және тәлімгері, гимназияның физика пәнінің мұғалімі Айжан Иргасимова; №1 мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы Зака Закиев (ғылыми жобалар байқауы, «Этномәдениеттану» секциясы) және жобаның ғылыми жетекшісі, лицейдің тарих пәнінің мұғалімі Анна Козыбаева; С.Мәуленов атындағы гимназияның 10-сынып оқушысы Жұлдыз Әбділдина (республикалық олимпиада, «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні) және гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Анар Әлдикенова; М.Горький атындағы гимназияның 10-сынып оқушысы Анита Тен (республикалық олимпиада, «Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі» пәні) және тәлімгері, гимназияның қазақ тілі мұғалімі Сания Акмухамедова; №3 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы Анастасия Орлова (республикалық олимпиада, «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні) және гимназияның орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Любовь Битюцкая; №2 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Радмила Шихова (республикалық олимпиада, «Биология» пәні) және тәлімгері, лицейдің биология пәнінің мұғалімі Гүлжан Алпысбаева.

Биыл С.Мәуленов атындағы гимназиядан республикалық деңгейде үш шәкірт жүлдегер атанды

Алтын жүлде иегерлері. Ортада Анна Хлыстунның анасы – Светлана Леонидовна

Сонымен қоса екінші жыл қатарынан республикалық деңгейде жоғары нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен педагогтер: Физика-математика лицейінің 10-сынып оқушысы Алан Рахметов (ғылыми жобалар байқауы, «Математика» секциясы) және жобаның ғылыми жетекшісі, лицейдің математика пәнінің мұғалімі Светлана Саяпина; С.Мәуленов атындағы гимназияның 11-сынып оқушысы Думан Хайролла (республикалық олимпиада, «Қазақстан тарихы» пәні) және тәлімгері, гимназияның Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Балғанат Базарбаева; №23 ЖББ мектебінің 11-сынып оқушысы Полина Шерер (республикалық олимпиада, «Құқықтану негіздері» пәні), сондай-ақ тәлімгері, мектептің тарих және құқықтану пәнінің мұғалімі Марина Ленивова марапатталды.

Артынша республикалық олимпиада және ғылыми жобалар байқауының күміс жүлдегерлерінің мерейі үстем болды. М.Горький атындағы гимназияның 11-сынып оқушысы Богдан Якупов (ғылыми жобалар байқауы, «Жер және ғарыш туралы ғылым» секциясы) және дәл осы білім ордасының 11-сынып оқушысы Ангелина Титова (ғылыми жобалар байқауы, «Қолданбалы математика» секциясы) марапатталып, олардың жетекшісі, гимназияның физика пәнінің мұғалімі Артем Москаленко да марапат биігінен табылды. Сондай-ақ дәл осы күміс жүлдеде Физика-математика лицейінің 10-сынып оқушысы Егор Гаус (республикалық олимпиада, «География» пәні) және оның тәлімгері, лицейдің география пәнінің мұғалімі Мерей Демесинова қала әкімінің қолынан Алғыс хатқа ие болды.

Ал республикалық деңгейдегі жалғыз алтын иегерлері – «Адам және қоғам» секциясындағы республикалық ғылыми жобалар байқауында командалық жобамен қатысып, жеңімпаз атанған М.Горький атындағы гимназияның 11-сынып оқушылары Анна Хлыстун және Светлана Пак. Олардың ғылыми жетекшілері – гимназияның ұстазы Ирина Науменко. Айта кету керек, Ирина Яковлевнаның тәрбиеленушілері екінші жыл қатарынан республикалық деңгейдегі алтын жүлде иегерлері атанды.

Оқушылар мен олардың педагогтерін ұлықтау аяқталған соң, Марат Қонысбайұлы қаламыздың алтын қорын тәрбиелеген ата-аналарға бөлек ризашылығын білдіріп, марапаттарын табыс етті. Өскелең ұрпақты лайықты тәрбиелегені үшін, Физика-математика лицейінің оқушылары – Егор Гаустың ата-анасы Яков Андреевич пен Светлана Валерьевна, Алан Рахметовтың ата-анасы Аскар Турсанович пен Жанат Тлеубергеновна; С.Мәуленов атындағы гимназия оқушыларының – Жұлдыз Әбділдинаның ата-анасы Ербол Оразбайұлы мен Әсел Орманбекқызы, Нұрислам Ахановтың ата-анасы Жанат Аханұлы және Әсел Батырбекқызы, Думан Хайролланың анасы Дария Сағиқызы; М.Горький атындағы гимназия оқушылары – Ангелина Титованың ата-анасы Владимир Валентинович пен Светлана Леонидовна, Богдан Якуповтың анасы Татьяна Михайловна, Анита Теннің ата-анасы Валерий Маратович пен Гульнар Карсаковна, Анна Хлыстунның анасы Светлана Леонидовна, Светлана Пактың ата-анасы Константин Анатольевич пен Лиля Николаевна; №1 мектеп-лицейдің оқушысы Зака Закиевтің ата-анасы Годжат Атахан оглы мен Халида Гамдулла кызы; №3 мектеп-гимназияның оқушысы Анастасия Орлованың ата-анасы Станислав Владимирович пен Наталья Александровна; №2 мектеп-лицейдің оқушысы Радмила Шихованың ата-анасы Дмитрий Александрович пен Галина Алпысбаевна және де №23 ЖББ мектептің оқушысы Полина Шерердің ата-анасы Николай Викторович пен Оксана Сергеевна Гравертон және гүл шоғымен марапатталды.

Іс-шара барысында Физика-математика лицейінің оқушысы Алан Рахметовке сөз беріліп, ол барлық жеңімпаздардың атынан Марат Қонысбайұлына және қолдауы үшін ата-аналары мен ұстаздарына алғыс білдірді: «Қостанайдың намысын республикалық деңгейде лайықты қорғау мүмкіндігі туғанына қуаныштымын. Бұл жолда бізге қолдау білдірген ұстаздарымызға, ата-аналарымызға, мектебімізге алғыс білдіргім келеді. Үнемі жанымыздан табылып, өзімізге деген сенімділігімізді арттырып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін мың да бір рақмет! Еліміздің жарқын болашағы жолында алдағы уақытта да жақсы нәтижелер көрсетіп, білімімізді жетілдіре түсуге уәде береміз», – деп қорытындылады.

Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.