Білім мен дәстүрдің үйлесімі

Выпуск - №51(648)   :   26.12.2024
587

image

Қостанай қаласындағы №15 жалпы білім беретін мектепте қараша айының 18-і мен 22-сі аралығында «Оқу үдерісіндегі жасанды интеллект пен ұлттық құндылықтар» тақырыбында бастауыш сынып апталығы өтті.

Апталықтың алғашқы күндерінде мұғалімдер Л.Омарова, Э.Каршалова және С.Нұрғалиева ашық сабақтар өткізді. Бұл сабақтарда оқушылар «Genialli», «Leonardo AI», «D-ID» сияқты жасанды интеллект элементтерін пайдаланып жұмыс істеуге үйренді. Сабақ барысында оқушылар мәнерлеп оқу және көркем жазу сайыстарына қатысып, тілдік дағдыларын дамытуға, сөздік қорларын байытуға және шығармашылық жазу қабілеттерін арттыруға мүмкіндік алды.
Апталықтың тағы бір маңызды бағыты – ұлттық құндылықтарды насихаттау болды. Оқушылар халқымыздың салт-дәстүрлерін, өнері мен мәдениетін танып-білуде ерекше белсенділік танытты. Мектебіміздің бірлестік мұғалімдері арасында «Ең тиімді жасанды интеллект» байқауы ұйымдастырылды. Онда «Examica», «Microsoft Copilot», «Socrative» сияқты жасанды интеллект құралдарының артықшылықтары таныстырылып, байқау қорытындысы бойынша А.Темірғалиева 1-орын, Н.Арыстан 2-орын, А.Бисекенова 3-орын иегерлері атанып, марапатталды.
Апталық білім беру саласындағы жаңашылдық пен дәстүрдің үйлесімділігін көрсетті. Жасанды интеллект элементтерін тиімді қолдану оқушылардың білімін жетілдірумен қатар олардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға ықпал етті. Осы іс-шараның нәтижесінде оқушылар тек жаңа білім мен дағдыларды игеріп қана қоймай, шығармашылық әлеуеттерін дамытып, ұлттық рухани құндылықтарды бойларына сіңірді.
Апталықтың жабылу салтанаты ерекше әсерлі әрі мазмұнды өтті. Оқушылар мен мұғалімдер жетістіктерін көрсетіп, алғыс білдірді. Апталықтың қорытындысы бойынша барлық қатысушылар дипломдармен, мадақтамалармен марапатталды. Жеңімпаздар өз жетістіктерін отбасы, ұстаздары және сыныптастарымен бөлісіп, болашаққа деген сенімдерін нығайтты. Мұндай іс-шаралар білім беру сапасын арттырып, жас ұрпақтың жан-жақты дамуына зор үлес қосатыны сөзсіз.

Ляззат ИРАЛИНОВА,
№15 ЖББМ ӘБ жетекшісі,
Қостанай қаласы

Реклама

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!

Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.