Білім мен инновация тоғысқан алаң

Выпуск - №8(704)   :   27.02.2026
772

Білім мен инновация тоғысқан алаң (1)

Амангелді ауданындағы Тасты жалпы білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында аудандық «SMART BALA» жобасы – жас өнертапқыштар әлемінде!» тақырыбында байқау ұйымдастырылды.

Білім мен инновация тоғысқан алаң (3)

Білім додасы оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдап, ғылыми ізденісін қолдауға және инновациялық ойлауын қалыптастыруға бағытталған маңызды алаңға айналды. Жас ұрпақтың цифрлық сауаттылығын арттыру, инженерлік ойлау қабілетін дамыту, заманауи технологияларды тиімді қолдана алатын көшбасшы ұрпақ тәрбиелеу, сонымен қатар білім алушылардың жобалық жұмыс дағдыларын қалыптастыру көзделген байқауға ауданның 11 мектебінен 19 оқушы қатысты. Сайыс «Цифрлық жоба» және «SMART POSTER» аталымдары бойынша ұйымдастырылды.
Қатысушылардың жұмысына аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Мақпал Кәкімбекқызы мен Ұлжалғас Алпысқызы, сондай-ақ Жалдама жалпы білім беретін мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рауан Серажденұлы қазылық етті. Байқауға ұсынылған жобалар мазмұны жағынан алуан түрлілігімен ерекшеленді. Қатысушылар Smart-мектеп макеттерін, экологиялық бағыттағы инновациялық жобаларды, IT және робототехника саласындағы тың идеялармен қатар цифрлық қауіпсіздік пен жасанды интеллектке негізделген жұмыстарын қорғады.

Білім мен инновация тоғысқан алаң (2)


Жобаларды таныстыру кезеңі жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар өз идеяларын сенімді түрде ұсынып, қойылған сұрақтарға нақты жауап берді. Әділ қазылар алқасы ұсынылған жұмыстарды жаңашылдығы, практикалық маңыздылығы, ғылыми негізділігі, безендірілу сапасы мен қорғау шеберлігі бойынша бағалады. Осылайша үздік жобалар анықталып, жеңімпаздар дипломдармен және Алғыс хаттармен марапатталды. Бұндай игі бастамалардың нәтижесінде ізденімпаз, білімді әрі елжанды жас ұрпақ қалыптасатыны анық.

Луиза АБДИРОВА,
Тасты жалпы білім беретін мектебінің
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
Амангелді ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.