Білім мен шығармашылық алаңы

Выпуск - №13(709)   :   03.04.2026
544

Білім мен шығармашылық алаңы (1)

Рудный қаласындағы №2 гимназияда Оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының республикалық форумының облыстық кезеңі өтті. Бұл маңызды шарада облыстың ең белсенді әрі шығармашыл оқушылары өз жобаларын ұсынып, тәжірибе алмасты.

Біздің Қостанай облысының түкпір-түкпірінен жалпы орта білім ұйымдарының 8–11-сынып оқушыларынан құралған мектеп парламенттері мен олардың лидерлерінен жалпы 70-ке жуық оқушы қатысты. Форумда оқушыларға арналған тапсырмалар екі бағытта ұйымдастырылды. Бірінші бағыт – экология, екінші бағыт – этно-киім және мәдени шығармашылық. Әр бағыт өз кезегінде ерекше қызықты әрі пайдалы болды.
Экология бағыты бойынша оқушылар экология министрлері рөлінде жобаларын қорғады. Бірінші кезеңде қоршаған ортаны сақтау, жердегі пластикті азайту және экологиялық жобаларды іске асыру жолдары туралы презентациялар жасады. Бұл кезең оқушыларға көшбасшылық, шығармашылық және жауапкершілік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді. Екінші кезеңде оқушыларға этно-киім жасау тапсырмасы берілді. Олар тарихи және мәдени дәстүрді заманауи стильде бейнелеп, ерекше, креативті киім үлгілерін жасады.
Бұл кезең оқушыларға мәдениетін бағалауды, шығармашылық ойлауын және сәндік өнерге деген қызығушылығын дамытуға көмектесті. Ал төтенше жағдайлар бағыты аясында оқушыларға қауіпсіздік, дайындық және төтенше жағдайлар кезінде қалай қорғану керектігі үйретілді. Әр қатысушы нақты тапсырмаларды орындап, төтенше жағдайда өзін қалай ұстау керегін көрсетті. Осылайша, форумның әр бағыты оқушыларға шығармашылық, көшбасшылық, жауапкершілік және қоршаған ортаны қорғау маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді.
Жітіқара ауданындағы Абай атындағы мектеп-лицей оқушысы Эвелина Корчагина форумда экология министрі рөлін көрсетті. Ол жобасында елдің экологиясын жақсарту үшін үш нақты қадам ұсынды. Негізгі бастамасы – биокомпостты дамыту. Бұл жоба мектепте бұрыннан жүзеге асырылып келеді, республикалық конкурстарға да қатысқан. Эвелина атап өткендей, конкурс қызықты әрі пайдалы өтті, оқушылардың көшбасшылық, шығармашылық және жауапкершілік қабілеттерін дамытуға ықпал етті. Сондай-ақ әр қатысушы тәжірибесімен бөлісіп, мотивация алатынымен құнды.
Облыстық кезең оқушыларға өз қолайлылық аймағынан шығып, жаңа тәжірибе жинап, әрі қарай дамуға мүмкіндік береді. Форумға қатысқан Рудный қаласындағы №13 мектептің 11 «Ә» сынып оқушысы Аяжан Есимова – «Шаг вперёд» мектеп парламентінің мүшесі және экология министрі. Аяжанның басты мақсаты – өз мектебін облыстық деңгейде лайықты таныстырып, өзінің экологиялық бастамаларын ұсыну. Оның айтуынша, облыстық кезеңнің ерекшелігі – ауқымдылығында. Мұнда түрлі өңірлерден келген жаңа тұлғалар мен тың идеялар тоғысады. Осындай орта көптеген мотивация беріп, жаңа бастамаларға шабыттандырады.
Форум қорытындысы бойынша әр бағыт бойынша үздіктер анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Төтенше жағдайлар министрлігі бағыты бойынша III орынды Мирас Мұхтаров пен Андрей Шпик өзара бөліссе, жүлделі II орын Айша Әбиболлаға бұйырды. Бұл бағыттың үздігі болып I орынды Томирис Арина иеленді. Экология министрлігі бағытында да тартысты бәсеке орын алып, нәтижесінде III орынды Рудный қаласындағы №13 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Аяжан Есимова мен федоровтық Злата Баймлер иеленді. II орынға Эвелина Корчагина табан тіресе, Арқалық қаласынан келген Ынжу Шарипова I орынды жеңіп алып, үздік екенін дәлелдеді.
Жеңімпаздар жоғары дайындық деңгейін, терең білімі мен шығармашылық әлеуетін паш ете отырып, алдағы уақытта облыс намысын республикалық кезеңде қорғауға жолдама алды. Жас көшбасшылардың басын қосқан бұл жиын оқушыларға идеяларын ашық айтып, бастамаларын қорғауға және тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік беріп, олардың жаңа белестерді бағындыруына жол ашқаны сөзсіз. Қатысушылардың республикалық деңгейде де лайықты өнер көрсетіп, биік шыңдардан көрінетініне сеніміміз мол.

Сара АЙМУРАТОВА,
ЖБШДС тілшісі,
Рудный қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.