Еліміздің болашақ азаматтары бүгінгі күні мектеп партасында отырғаны бізге мәлім. Олардың қандай адам болып шығатыны көп жағдайда мектепте алған білімі мен үйдегі көрген тәрбиесіне тікелей байланысты.
Еліміздің болашақ азаматтарының жан-жақты дамыған жеке тұлға болып қалыптасуы, болашағымыздың жарқын болуы, мұғалімдердің еңбегімен, біліктілігімен сабақтасып жатыр. Өмірде мұғалімнің алдын көрмейтін адам жоқ деуге болады. Олардың оқушыларға ғылым және білім негіздерін терең меңгертуі өздігінен білім алуға жол ашуы, кәсіп таңдауда бағыт беруі, жалпы азамат етіп тәрбиелеп шығуы теңдесі жоқ еңбек.
Балаға берілетін тәлім-тәрбие жастайынан бойға сіңіру керектігі бұрыннан дәлелденген жағдай. Олай болса «Білім негізі – бастауышта» деген қанатты сөзде шындық пен жауапкершілік жатыр. Бастауыш сыныпта білім негізі дұрыс қалану керек, тәлім-тәрбиелік ізгі қасиеттер бала бойына жақсы сіңірілуі тиіс. Жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш оқыту сатысының мұғалімдерінің алдында ең қиын және өте жауапты міндеттер жүктелген.
Оңы мен солын ажырата алмайтын жас балаға әріп таныту, сауатын ашу, тілін, ойын дамытуды оңай жұмыс деп айта алмаймын. Міне осындай ең жауапты істі мүлтіксіз орындап жүрген бастауыш сынып мұғалімдерінің еңбегі ұшан-теңіз. Еліміздің ең тамаша алдыңғы жақтағы, ел үшін қызмет жасап жүрген азаматтары осы мұғалімдердің алдынан хат танып, тәлім-тәрбие алған. Себебі мұғалімдер өмірге жол сілтейтін бағдаршам тәрізді. Сондықтан қазіргі кезеңде мұғалімдердің адал да шынайы таза еңбектері жас ұрпаққа өте қажет.
Жалпы адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның ұлттың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен қоса жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Мектеп оқушыларының бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтың болуы мүмкін емес нәрсе. Әр бала өзінше жеке тұлға. Сондықтан әрбір жеке тұлғамен байланыс орнатып, оны қалыптастырып, тәрбиелеп жетілдіру қажет.
Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз – оның өзіне тән мінез-құлықындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы. Сол себепті бастауыш сынып оқушыларын рухани-адамгершілік және тұлғалық қасиеттер негізінде тәрбиелеуде оқыту арқылы тәрбие үрдісі маңызды орын алады. Ал сабақтағы және сабақтан тыс жүргізілетін тәбие жұмыстарындағы әдіс-тәсілдер мен іс-шараларды өткізу жолдары мұғалімнің шеберлігімен тікелей байланысты.
Зура ҚАЗБЕКОВА,
Жамбыл ОМ бастауыш
сынып мұғалімі,
Қостанай ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.