Білім ордасы Ыбырай мұрасын насихаттады

Выпуск - №40(487)   :   14.10.2021
481

Биылғы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай Қостанай қаласындағы №27 мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің арнайы апталығы өтті. Апталық мерейтой иесінің құрметіне «Ұлттың ұлы ұстазы» деп аталды.

Жеті күнге жалғасар апталық қазанның 11-і мен 16-сы аралығында арнайы бекітілген бірқатар шаралардың басын қосып отыр. Оқушылардың танымын арттыруды көздеген шараға мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерімен қатар оқушылар да бір кісідей ат салысуда. Білім ордасының ұстаздары апталық аясында қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқытудың заманауи тәсілдерін қолданып, Ыбырай Алтынсариннің бай мұрасын насихаттай отырып, сол арқылы оқушылардың білім алуға, жаңаны танып-білуге қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіруді назарға алған.


Білім ордасында кірген бетте Ыбырай Алтынсариннің мерейтойына бағытталған шаралардың өткізіліп жатқаны бірден сезіледі. Мектептің фойесінде арнайы баннер орнатылған. Онда мектеп ұжымының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің сабақ барысындағы суреттері де қамтылған. Ал үзіліс уақытында оқушылар мектеп қабырғасында ілінген Ыбырай Алтынсариннің ұлағатты сөздерімен таныс болып, одан тағылым алуда. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, «Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің» иегері Келбет Мурзабекованың айтуынша, балаларға тәлім-тәрбие беруде атқарылып жатқан жұмыстар аз емес.


– Ы.Алтынсариннің мерейтойына орайластырылған апталық аясындағы іс-шаралардың барлығы мектеп оқушылары мен ұстаздарына бағытталған. Апталықтың ашылуында оқушылар сахналық қойылым көрсетсе, артынша мектебіміздің бастауыш пен жоғарғы сынып оқушылары арасында Ыбырай шығармаларын насихаттау мақсатында «Өнер, білім бар жұрттар...» атты челлендж бастау алды. Одан бөлек апталық жоспар бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері арасында тәжірибе алмасуға бағытталған тренинг, сынып сағаттары, ашық сабақтар, көрме және конференция өткізілді. Сабақтардың арасында осы оқу жылының басынан бері көңілді үзіліс те өткізіліп жүргенін атап өткім келеді. Ал апталықтың соңы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Баяу жүгіріспен» аяқталмақ, – дейді Келбет Бірмағанбетқызы.


Апталық барысындағы барлық іс-шараларға да қатыса алмасақ та, конференцияға жұмысына қатысу мүмкін болды. Оқушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарынан тың деректерімен бөлісіп қана қоймай, қаламынан туған шығармаларын да оқып берді. Артынша оқушылардың Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерінен дайындаған буктрейлерлері көрсетіліп, жиналған ұстаздар мен оқушылардың қошеметіне ие болды.


Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.