«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қостанай қаласының №29 ЖББ мектебінде Мұхтар Әуезовтың 125 жылдық мерейтойына орай мектебімізде «М.Әуезов асыл мұрасы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

Мұхтар Әуезов – ұлт әдебиетінің алтын ғасырының бастауында тұр. Ол қазақ өркениетінің жаңа болмысын ашқан жазушы, ғалым, ұстаз, драматург, сыншы. Бір сөзбен түйіндеп айтсақ, энциклопедиялық ұшан-теңіз білім дариясының кемеңгері әрі ұлы қайраткері.
Мұхтар Омарханұлының асыл мұрасын насихаттаған әдеби кешке мектебіміздің 7-10 сынып оқушылары атсалысты. Кеш барысында мектеп директоры Жанар Кушанова құттықтау сөз сөйлеп, артынша тағылымды шараның модераторы ретінде, әдеби кештің мақсаты мен міндетін жиналғандарға таныстырып өттім. Жастарға жазушының өмір жолы мен қызметінен, шығармашылығынан мағлұмат бере отырып, оның әлемдік мәдениетке қосқан үлесін атап өтіп, оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу, ой-өрісін, рухани жан дүиесін байыту мақсатын назарға алдық. Осылайша әлем таныған Әуезовтың ұлылығын дәріптеу көзделді.

Қазақ елінің мақтанышына айналған заңғар жазушыны құрметтеуге, оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен іс-шарада оқушылар жазушының шығармаларынан үзінді келтіре отырып, өлеңдері мен жыр шумақтарын, басқа да ақын, жазушылардың Мұхтар Әуезовке арпап жазған жыр жолдарын нақышына келтіре оқыды. Аталған іс-шараға қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінің ұстаздары қатысты. Мектебіміздің кітапханашысы Бақытгүл Уаисова әдеби шараның тақырыбына сай кітаптар көрмесін ұйымдастырды. Кеш соңында Үміткүл Серденбаева, Гүлнәр Абдигапарова, Макпал Кажахметова, Гүлсім Молдабаева, Гульсун Куйшугулова сынды ұстаздарымыз Мұхтар Әуезов жайлы ойларымен бөлісті.
«Әуезов әлемi» дейтiн кең дүниенің жаратылысы мен табиғатын екі сөзбен қайырып айту мүмкін емес. Оны терең танып, жан-жақты талдау – әр дәуір, әр ұрпақтың киелі мiндетi. Келер ғасырда да кемелдене беретiн кемеңгер Мұхтар Әуезов – тек сiз бен бiздiң ғана емес, әлi дүниеге келмеген жаңа ұрпақтардың да сарқылмас игiлiгi, өлшеусiз бақыты. Өйткенi, оның құдiретi елге деген шексiз махаббаты мен сенiмiнде жатыр. Осы бiр ақиқатты сезiну мына бiздерге, бүгiнгi тәуелсiз мемлекеттiң iргесiн нығайтып жатқан ұрпаққа қажымас қайрат, жасымас жiгер қосады.
Жәнібек ӨТЕУЛИН,
№29 ЖББ мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!
Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.