Білімді мен біліктінің тірегі

Выпуск - №20(517)   :   20.05.2022
539

Әрбір талапты оқушыны білімнің асқар биігіне білімді ұстаз ғана шығаратыны даусыз. Мұғалім, ең алдымен, оқушыларды сапалы біліммен қаруландырып қана қоймай, қоғамдық өмірге де тәрбиелей отырып, олардың жүрегінен жол тауып, өшпес ізін қалдырады.

Осындай ізгі қасиеттерді бойына жиған біздің білімді де білікті ұстаздарымыздың арқасында мектебіміз талай асулардан асып, биік белестерді бағындырып келеді. Осы орайда, мектебімізде жұмыс істейтін «Болашақ» ғылыми қоғамы туралы ерекше атап өткім келеді. Ғылыми қоғам оқушыларды ғылымға баулу арқылы олардың ізденімпаздық қабілеттерін арттыруды көздейді. Ұстаздарымыздың талмай еңбектенуінің арқасында мектебіміз ғылыми жұмыстар мен түрлі олимпиадалардан жүлделі орындарды иеленіп келеді.

Атап айтар болсам, бастауыш 1-4 сыныптардың пән олимпиадасының қалалық кезеңіңде 4 оқушы жүлделі орын алса, 5-6 сынып оқушылары арасында 3 оқушы орын алып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5-сынып оқушысы Асел Турганбекова облыстық кезеңге қатысты. Ал 7-8 сыныптардың пән олимпиадасында 7 оқушы жүлделі орындарға ие болса, 9-11 сыныптар бойынша 6 оқушы жүлдегер атанып, облыстық кезеңде биология пәнінен 9-сынып оқушылары Аружан Канатбаева 1-орын, Ару Амангелдиева 2-орынды иеленді. Сондай-ақ облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі олимпиадалардан да жетістіктеріміз жоқ емес.

Ғылым жолында да мектебіміздің жас өрендерінің көрсетіп жатқан нәтижесі көңіл қуантарлық. Үстіміздегі оқу жылында қалалық 1-7 сыныптардың «Зерде» оқушылардың ХІ қалалық ғылыми сайысына 10 оқушы қатысып, оның 5-еуі жүлделі орындарды иеленсе, 8-11 сыныптардың «Дарын» ғылыми сайысына 7 оқушы қатысып, оның 3-еуі жүлделі орындарды иеленіп, 2 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды. Халықаралық «Біз Отанымыздың патриотымыз» атты кіші Баймағамбет оқуларына 9 оқушы қатысып, 6 оқушы жүлдегер атанды. Ал өз басым республикалық «Ұлы өнертпақыштыққа алғашқы қадам» атты ғылыми жобалар байқауына қатысып, жүлделі 1-орынмен қанжығамды майлап келдім. Мектебіміз үшін үлкен жетістіктердің бірі – 11-сынып оқушысы Дулат Торежановтың «Астана ІТ Университеті» ұйымдастырған ғылыми жобалар байқауына қатысып, аталмыш оқу орнынан тегін оқу грантын жеңіп алғаны болды.

Мектебімізде балалардың сана-сезімін, жауапкершілігін, сауаттылығын, мәдениеттілігін, рухани дүниесін қалыптастыруда театр өнерінің маңызы зор. Осы тұрғыда біздің білім ордасында жұмыс істейтін «Театр» клубын атап өткен жөн. Оқушылар өнелерін көрсетіп қана қоймай, байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. Қалалық «Ыбырай оқулары», «Әбіш оқуларында» сахналық қойылымдар көрсетіп, 2, 3-орындарды иеленді. Республикалық «Ұлы дала өркениеті» байқауында «Дәстүр мен ғұрып» тақырыбында мектептің instagram желісіндегі парақшасында тікелей эфирде театрландырылған қойылым көрсетілді. Одан бөлек қалалық «Қазақстан балалары шексіз әлемде» атты балалар киносы байқауына 6 оқушы қатысып, жүлдегер атанды.

Осы аталған оқушылардың жетістіктерінің барлығы да білікті ұстаздарымыздың арқасы деп білеміз. «Ұстаз қолында ұлт тағдыры тұр» десек, артық айтқандық емес, ұстаз бір ғана баланы емес, бүтін бір халықты оқытып, тәрбиелейді.


Әсел ШАХАТОВА,
№19 ЖББ мектебінің
9-сынып оқушысы,
Рудный қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.