Білімді ұрпақ – іргелі елдің тірегі

Выпуск - №14 (562)   :   14.04.2023
832

Шәкірттерді ғылыми ізденістерге тартуда Арқалық қаласындағы Бейімбет Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары елеулі жұмыстар атқарып келеді. Мақсат біреу – ғылымға қызығушылық танытқан оқушыларды қолдау. 

Ұрпағы білімсіз елдің келешегі де бұлыңғыр екені баршаға аян. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, басқаларға қарағанда оқ бойы озық тұратынымен бағаланады. Жақында білім ордамыздың жылдық жоспарына сай 1-11 сынып оқушылары арасында мектепішілік ғылыми жобалар байқауы өткізілді. Байқау оқушылардың Отанының тарихын, өлкесін, қаласын, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін насихаттай отырып, отансүйгіштік сезімдерін тәрбиелеу, сонымен қатар таңдалған тақырып бойынша зерттеу жүргізу, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту және сол арқылы тұжырымдарын жүйелі жеткізе білуге баулуды көздеді.

Байқауға жалпы 8 жұмыс ұсынылды. Әр жұмысты қорғау үшін 5-7 минут уақыт берілді. Мектептің тәжірибелі ұстаздары – директордың оқу ісі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі Кожиков Жанатбек Тургинбекович, физика пәнінің мұғалімі Мейрамова Гульбану Нояновна байқауда қазылық етті. Байқаудан кейін оқушылардың жұмыстары сараланып, жүлдегерлер анықталды. Артынша жобалық сайысқа қатысқан жұмыстар бойынша бағыт-бағдар берілді, ұсыныстар айтылды. «Жақсы» деп бағаланған жұмыстар қалалық жобалар сайысына ұсынылды.

Олар: 10 «А» сыныбының оқушысы Дильназ Қалибекованың жобасы. Тақырыбы: «Сарықопа – дала зоопаркі», жетекшісі – Мухамбетова Айсулу Какимбековна; 9 «Б» сыныбының оқушысы Наргиз Зейнолланың жобасы. Тақырыбы: «Ақпараттық кодтау және кодтың өмірде қолданылуы», жетекшісі – Муханбетжанова Мадина Сапаргалиевна; 4 «Б» сыныбының оқушысы Ерасыл Исаның жобасы. Тақырыбы: «Зеңгі баба иесі – сиыр», жетекшісі – Жүзбай Гүлмира Сәндібекқызы. Шәкірттерімізге жетекшілік етіп, бағыт-бағдар беріп отырған ұстаздарымызға алғысымыз шексіз. Ал қалалық ғылыми жобалар сайысына қатысушы оқушыларымызға сәттілік серік болсын дейміз!


Индира БАЛТАБАЕВА,
Б.Майлин атындағы
№3 ЖББ мектебінің
ғылыми-әдістемелік істер
жөніндегі директордың
орынбасары,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.