Білімге бастап, жол салды

Выпуск - №8 (455)   :   26.02.2021
1441

Лесной орта мектебінде Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай іс-шара өтті. Ағартушыға арнап қабырға газетін жасап, оның шығармалары негізінде 5-10 сынып оқушылары сурет салды.

Қазақ халқының білім, әдебиет саласында із қалдырған ұстаз, жерлесіміз Ыбырай Алтынсаринді Қостанай өлкесінде әр адам біледі. 19-ғасырда халқының қамын ойлаған, Қостанай және Торғай кең даласында бір ауылдан бір ауылға жаяу жүріп мектептер ашқан. Ыбырай атамыз есте мәңгілік сақталып, ұрпағына өшпестей мұра қалдырды. 1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысының Торғай аумағында дүниеге келген ұлы педагог ағартушы әкесінен ерте айырылып, атасының – белгілі би Балқожаның қолында тәрбиеленді. Туып-өскен жері – Қостанай облысы, Тобыл өзені жағасында. Ы.Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ыбырай қазақ жастарын оқуға шақырумен қатар адамгершілікке, махаббат пен достыққа, еңбекке, жігерлікке, тапқырлыққа, халқын сүюге шақырды. Қостанай қаласында ұстаздың аты берілген мектеп-интернат және мемориалдық музейі бар.
Ұлы ұстаздың шығармашылығы жайында көрме ұйымдастырылды, бастауыш және жоғары сынып оқушылары мәнерлеп оқу сайысына қатысты. 7-сынып жетекшісі Ю.Байгентова өз сыныбымен Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығы туралы қабырға газетін шығарды. Кітапханашы Б.Кажиякбарова және Б.Сыздыкова сынып оқушылары мен Ыбырай Алтынсаринге арналған викторина өткізді. Бастауыш сынып мұғалімдері «Буклет», ал кітапханашы «Буктрейлер» жасады. Осы онкүндікте қазақ тілі пәнінен 3-сыныпта С.Жанбуршина «Ұлы тұлға» атты ашық сабақ өткізді. Сабақта балалар өз білімдерін көрсетіп, заманға сай оқыту құралдарын пайдаланып, сабақ қойған мақсатына жетті. Іс-шараларға мектеп ұжымы мен мектеп оқушылары белсене қатысып, өз үлестерін қосты. Апталықтың соңында қорытындысы шығарылып, қатысушыларға мадақтама мен шағын сыйлықтар табыс етілді. Бұл іс жыл бойы жалғасады.


Звайра ШАЙМЕРДЕНОВА,
Лесной ОМ бастауыш
сыныптар мұғалімі,
Сарыкөл ауданы

 

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.