Алқалы басқосуға Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Мажит Шуленов, Қостанай облысы білім басқармасының басшысы Ардақ Бегатаров, Қостанай қаласы білім бөлімінің басшысы Биби Карыбаева, білім беру ұйымдарының директорлары мен педагогтер қауымы қатысты. Кеңесте білім сапасын арттыру, адами капиталды дамыту, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиемен қамту мәселелері кеңінен сөз болды.
– Қаладағы білім беру желісі 116 ұйымды қамтиды. Онда 38 мыңнан астам оқушы және 11 мыңға жуық мектепке дейінгі тәрбиеленуші білім алуда. Соңғы үш жылда «Келешек мектептері» жобасы аясында қаланың жаңа шағын аудандарында 2100 орынға арналған екі жаңа мектеп пен 580 орындық екі балабақша пайдалануға берілді, – деп атап өтті Мажит Мақсұтұлы. – Жалпы құны 2 млрд теңгеден астам қаражатқа үш білім беру нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, №9 ЖББМ – 742 млн теңге, №6 бөбекжай-бақшаға – 828 млн теңге, №122 негізгі орта мектепке 754,5 млн теңге бағытталды. Ал ағымдағы маусымда екі білім беру нысанында 390 млн теңгеге ауқымды жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылды. Оның ішінде №11 ЖББМ – 171,902 млн теңге, №25 негізгі орта мектепке – 214,968 млн теңге бөлінді. «Әлеуметтік әмиян» цифрлық жүйесі арқылы 15 мыңнан астам бала жалпы сомасы 2 млрд теңгеден астам қаражатқа тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Кеңес барысында мектепке дейінгі білім беру саласындағы көрсеткіштер де назардан тыс қалған жоқ. Қалалық білім бөлімінің басшысы әрі іс-шара модераторы педагогтерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, негізгі нәтижелер мен алдағы басым міндеттерге тоқталды. Айтуынша, бүгінде 2-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 98%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш 2025 жылы 89%, 2024 жылы 88,4% болған еді. Яғни соңғы жылдары мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейінде айтарлықтай өсім бар. Сондай-ақ соңғы үш жылда балабақша кезегі де қысқарған. 2024 жылы кезекте 1175 бала болса, 2025 жылы олардың саны 950-ге дейін азайған. Ал биыл бұл көрсеткіш 26 балаға дейін төмендеді.
Дегенмен мектепке дейінгі білім беру саласында шешімін күткен мәселелер де бар. Соның бірі – жаңа шағын аудандарда тұратын отбасылардың балаларын тұрғылықты жеріне жақын балабақшаға орналастыру мүмкіндігі. Биби Сериковна бұл мәселеге арнайы тоқталып, қазіргі таңда ақпараттық жүйедегі мәлімет бойынша тұрғылықты жері бойынша балабақша кезегін күтіп отырған 850 бала бар екенін айтты. Оның ішінде «Аэропорт» шағын ауданында – 400, «Береке» шағын ауданында – 450 бала. Жиында айтылғандай, жаңа шағын аудандардың қарқынды дамуы мен халық санының өсуі білім беру инфрақұрылымын да соған сай жетілдіруді талап етеді.
Іс-шара барысында білім сапасымен қатар балаларды болашаққа бейімдеу, адами капиталды қалыптастыру мәселелеріне де ерекше мән берілді. А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Эльмира Наурызбаева білім беру жүйесінің міндеті өзгеріп жатқанын атап өтті. – Мақсатымыз – балаға тек білім беру емес, оны болашаққа дайындау. Бүгін мектеп партасында отырған бала шамамен 10 жылдан соң еңбек нарығына шығады. Сонда көптеген мамандықтардың мазмұны өзгеріп, ЖИ кәсіби қызметтің ажырамас құралына айналады. Сондықтан білім беру жүйесінің басты міндеті – баланы бүгінгі еңбек нарығына емес, әлі толық қалыптасып үлгермеген ертеңгі экономикаға дайындау, – деді ол.
Алқалы жиын салтанатты марапаттау рәсімімен жалғасын тапты. Білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасы №69 бөбекжай-бақшаның тәрбиешісі Юлия Редикульцеваға табысталды. Қостанай қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен Физика-математикалық лицейдің педагогтері – биология пәнінің мұғалімі Айгуль Байгазинова, география пәнінің мұғалімі Мерей Демесинова, ағылшын тілі мұғалімі Оксана Тимина; М.Горький атындағы гимназияның педагогтері – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Татьяна Болотько, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асель Салыкова, тарих пәнінің мұғалімі Ляззат Оспанова, физика пәнінің мұғалімі Артём Москаленко, сонымен қатар Ғ.Қайырбеков атындағы №9 ЖББМ педагогтері – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гулбейне Скендирова, математика пәнінің мұғалімі Айгуль Дауренбекова марапатталды.
Қаламыздағы №15 ЖББМ физика пәнінің мұғалімі Салтанат Маженова, С.Мәуленов атындағы гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Абылай Ахметжан, №3 мектеп-гимназияның химия пәнінің мұғалімі Айслу Әкімгерейқызы, «IQOSTANAY» Smart-орталығының актерлік шеберлік бойынша қосымша білім беру педагогі Лейла Сарьян, №13 бөбекжай-бақшаның тәрбиешісі Арайлым Акауова, №44 бөбекжай-бақшаның тәрбиешісі Лариса Смышляева, Балалар музыка мектебінің фортепиано сыныбы бойынша оқытушысы Евгения Смаглюк, «Карнавал» хореографиялық мектебінің қосымша білім беру педагогі Бахтияр Бекмухамбетов, Балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылығы мектебінің қосымша білім беру педагогі Нурлан Сыздыков та дәл осындай Қостанай қаласы әкімінің Құрмет грамотасына ие болды.
Қала әкімінің Алғыс хаттарымен «Карнавал» хореографиялық мектебінің директоры Ляззат Баймусина мен №6 бөбекжай-бақшаның директоры Римма Абишева марапатталса, Қостанай облысы білім басқармасының Құрмет грамотасы №8 ЖББМ информатика пәнінің мұғалімі Виктор Проценкоға және Қалалық балалар шығармашылығы мектебі директорының орынбасары Наталья Зубкоға табысталды.
Жамал ШАУКЕН,
Суретті түсірген автор
Коллектив Айдарлинской общеобразовательной школы из года в год остаётся преданным и постоянным читателем газеты «Учительская плюс». Я глубоко убеждена, что это издание – незаменимый и важнейший ориентир для каждого современного педагога. На страницах газеты оперативно освещаются ключевые новости образования, публикуются практические статьи, ценные методические рекомендации и масса полезных материалов. Особая ценность издания для нас заключается в возможности знакомиться с передовым опытом коллег из других школ и черпать свежие, вдохновляющие идеи для собственной практики. В то же время газета даёт и нам прекрасный шанс заявить о себе: публиковать свои достижения и делиться наработками с широкой аудиторией. Именно поэтому «Учительская плюс» для меня – одно из самых важных изданий, напрямую способствующих профессиональному росту.
Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.