«Білімнің кілті – бастауышта»

Выпуск - №15(512)   :   15.04.2022
606

Алтынсарин ауданында әдіскер Маржан Серікбайдың ұйымдастыруымен мақала тақырыбымен аттас бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған съезі өтті. Съезге аудандық және ауыл мектептерінен 38 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Бастауыш сынып – бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын қайталанбас кезеңі әрі оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Бастауыш мұғалімдерінің көңілінде жүрген біраз мәселелер қозғалған съезд барысында бастауыш сыныпты оқытуда инновациялық технологияларды қолдану бағытындағы мұғалімдердің шығармашылығы мен жаңалықтарынан көрме ұйымдастырылып, тыңдаушылар әртүрлі дидактикалық материалдармен қоржындарын толықтырды. Съезде бастауыш сынып мұғалімдерін толғандырып жүрген тақырыпта баяндамалар оқылды.

«Бастауыш мектеп жасындағы медиабілім» тақырыбында Больше-Чураков жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Н.Павлюк, «Бастауыш сыныптарда жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшеліктері» тақырыбында Ы.Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі М.Тенсел, «Әр оқушының оқу нәтижесіне жету үшін сабақтың мақсаттарын жүзеге асыру» тақырыбында Силантьев жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Л.Михайловская, ал «ББЖМ дайындық кезінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында Силантьев жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі О.Кужагильдина баяндамасын оқыды. Съезд соңында аудандық әдіскер М.Серікбай сөз сөйлеп, съезд қатысушыларының ұсыныс, пікірлерін тыңдап, қарарын қабылдады.


Манар ТЕНСЕЛ,
Ы.Алтынсарин атындағы
Обаған ЖББМ бастауыш
сыныптар мұғалімі,
Алтынсарин ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.