Бірінші сыныпқа құжат қабылдау жалғасуда

Выпуск - №000(000)   :   13.07.2026
1437

1

Еліміздегі барлық мемлекеттік мектептерде, оның ішінде «Келешек мектептерінде» де, 1-сыныпқа құжат қабылдау жалғасып жатыр. Өтінішті OQU ұлттық білім беру платформасы (oqu.edu.kz), eGov электрондық үкімет порталы арқылы немесе білім беру ұйымына тікелей барып, қағаз түрінде беруге болады, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі.

Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, «Келешек мектептеріне» қабылдау кезінде мектептің қызмет көрсету аумағында тұратын балалар басым құқыққа ие. Сонымен қатар бос орын болған жағдайда ата-аналар (заңды өкілдер) кез келген мемлекеттік білім беру ұйымына өтініш бере алады.
Өтініш беру үшін заңды өкілдің тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуі болуы қажет. Тұрғылықты мекенжай мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы расталады.

1-сыныпқа қабылдау үшін қажет құжаттар:
• баланың 3×4 көлеміндегі фотосуреті;
• профилактикалық егу картасы (№ 065/е нысаны);
• баланың денсаулық паспорты (№ 052-2/е нысаны);
• психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК) қорытындысы (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін).

Мектепалды даярлықтан (0-сынып) өткен білім алушылар ата-аналарының (заңды өкілдерінің) өтініші негізінде 1-сыныпқа қабылданады.

Қабылдау мерзімі өңірлер бойынша:
27 мамыр - 31 тамыз:
Астана қаласы, Абай, Жетісу, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары.
10 маусым - 31 тамыз:
Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары.
18 маусым - 31 тамыз:
Шымкент қаласы, Алматы, Қостанай, Павлодар және Атырау облыстары.
29 маусым - 31 тамыз:
Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары.

Естеріңізге сала кетейік, құжат қабылдау өңірлерде әртүрлі күндері басталғанымен, барлық өңірде 2026 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.