Бірлескен жұмыс шеберлікті шыңдайды

Выпуск - №9(506)   :   03.03.2022
391

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі мен Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты арасында тәжірибе алмасу жұмысы жүргізілді.

«Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» атты іс-шара қазақтың ұлы ағартушысы, даланың дара ұстазы – Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай және жаңартылған білім беру мазмұны бойынша педагог кадрлар арасында тәжірибе алмасу, меморандумға отыру мақсатында өткізілді.

Ырғыздағы білім ордасының қара шаңырағы – Ыбырай атамыз негізін қалаған мектептен келген 13 адамнан тұратын делегацияны мектебіміздің домбырашылар ансамблі халқымыздың қасиетті ұлттық аспабы домбыраның қоңыр үнімен қарсы алды. Одан әрі келген қонақтар «мектеп мақтанышы» атты стендпен, Қазақстан Республикасындағы Ы.Алтынсарин атындағы білім беру ұйымдарының картасымен, мектеп-интернатымыздың тарихымен таныс болды.


Ырғыз ауданының білім бөліміне қарасты Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің директоры А.Қ. Алданов пен біздің мектебіміздің директоры Ы.С. Келинбердиева өз білім ордаларының тынысын, жалпы жұмыс жүйесін таныстырған соң, екіжақты ынтымақтастық меморандумына қол қойды. 

Аталмыш іс-шара барлығы бес бөлімнен, атап айтсақ: танысу, әдістемелік, ғылыми-зерттеушілік жұмыс, тәрбие жұмысы, қорытынды бөлімдерінен тұрды. Іс-шараның алғашқы «танысу» бөлімінен кейін, «әдістемелік» бөлімде «Білім беру нәтижелеріне қол жеткізу үшін дайын сандық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану» атты сабақтар панорамасы өткізіліп, «XXI ғасыр – жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры» демекші, келешек ұрпаққа сапалы білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы тағы бір дәлелденді.


«Авторлық жұмыс жасау» тақырыбындағы тәжірибе алаңы кезінде көрме ұйымдастырылып, мұғалімдеріміз өздерінің авторлық жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті. Ырғыз мектебінен келген қонақтар «Жаңалыққа бастаған жаңартылған бағдарлама» атты коучинг ұйымдастырса, біздің тарапымыздан Lesson Study «Педагогтердің зерттеу дағдыларын дамыту» атты коучинг өткізілді. Келесі «ғылыми-зерттеушілік жұмыс» бөлімінде «ғылыми жұмыс жазу тәжірибесі» туралы мәлімет берілді.


Жаратылыстану-математикалық пәндерді оқытудағы тәжірибелердің маңызы аталмыш бағыттағы пәндер бойынша тәжірибе алаңында жүргізілген түрлі тәжірибелерден көрініс тапты. Өсімдіктерді топырақсыз, жасанды ортада қоректік заттардың судағы ерітіндісінде өсіру әдісі жүзеге асатын гидропоника кабинетінің оқу процесіндегі мүмкіндіктері көрсетіліп, қонақтарымыздың өздері де практика жүзінде жұмыс жүйесімен танысып өтті. Одан әрі қонақтар ұлт ұстазы Ыбырай атамыздың тақпақтарын нақышына келтіре оқыған оқушыларымыздың өнеріне тәнті болды.


«Тәрбие жұмысы» бөлімінде келген қонақтарға ұсынылған тәрбие үдерісіндегі жобалық жұмыстар презентациясы, «Жас Сарбаз» клубының әскери көрсетілімі, оның ішінде, автоматты жартылай бөлшектеп, шашып, қайта жинау мен сап түзеу, «Үндестік жобасы» аясында «Әжелер сөзі – тәрбие көзі» іс-шарасы, «100 кітап» жобасы RedeX, «Асық ату», «Тоғызқұмалақ», «Шахмат» үйірмесі мен шығармашылық үйірмелердің жұмыстарынан мектептің тәрбие процесінің өз ретімен жүзеге асып жатқандығы көрініс тапты. Іс-шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласып, өнерлі өрендеріміз қонақтар жүрегіне жол таба білді.


Соңғы «қорытынды» бөлімде екі жақ педагогтің кәсіби өсуіне ықпал ететін тәжірибе алмасу барысындағы көңіл-күйлерімен бөлісіп, ауқымды істің куәсі болған қонақтар өз ризашылықтарын білдіріп жатты. Алдағы уақытта да екі мектеп арасында ынтымақтастық орнатылып, тығыз қарым-қатынаста талай жұмыстар атқарылатынына сенім зор.


Нұргүл ЕЛІКБАЕВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
мамандандырылған
мектеп-интернатының
менеджері, география
пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.