Бірлік пен татулық негізі

Выпуск - №48(645)   :   06.12.2024
660

image

Үздіксіз тіл дамыту жұмыстары аясында Бейімбет Майлин ауданына қарасты Май жалпы білім беретін мектебінде «Тіл – татулық тірегі» атты мемлекеттік тіл әдістемелік бірлестігінің (ӘБ) апталығы ұйымдастырылды.

Тәуелсіз Қазақстанның болашағы – біз, қазақ жастары. Демек, біздің міндетіміз – мемлекеттік тілдің мәртебесін үстем ету. Тәуелсіздік алғалы елімізде тіл саясаты үздіксіз жүргізіліп келеді. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және оған деген құрметті арттыру мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Еліміздегі барлық білім беру мен тәрбие мекемелерінде қазақ тілі мен әдебиетін оқыту жүйелі түрде ұйымдастырылған. Сондай-ақ, облыс орталықтарында, қала, аудан мен ауылдық жерлерде ашылған тілдерді оқыту орталықтары қазақ тілін меңгеруге ниетті өзге ұлт өкілдеріне барынша қолдау көрсетуде. Бұл орталықтарда тіл үйренушілер қазақ тілін меңгерумен қатар халқымыздың тарихымен, салт-дәстүрімен және әдет-ғұрпымен танысады.
Мемлекеттік тілді насихаттауда республикалық, облыстық және аудандық деңгейде өткізілетін түрлі сайыстар мен олимпиадалар маңызды рөл атқарады. Мұндай шаралар тіл үйренушілердің қызығушылығын арттырып қана қоймай, қазақ тіліне деген құрметті нығайта түсуде. Дәл осы мақсатты көздеген апталық аясында ӘБ мұғалімдері әрбір сынып оқушыларымен сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырды.
Апталық аясында 5–11-сынып оқушылары арасында «Мен Отанымды сүйемін!» атты эссе жазу байқауы, бастауыш сыныптар арасында «Қазақстан – құтты мекен!» мәнерлеп оқу сайысы, ал мұғалімдер арасындағы өзге ұлт өкілдерімен «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты мектепішілік байқау ұйымдастырылды. Аталған байқауға қатысқан сегіз мұғалім төрт кезең бойынша сынға түсті.
Алғашқы кезеңде олар өздерін таныстырып, екінші кезеңде қазақтың мақал-мәтелдері бойынша білімдерін көрсетті, үшінші кезеңде экрандағы ұяшықтарда көрсетілген суреттерге байланысты жұптасып диалог құру тапсырмасын орындады, ал соңғы кезеңде бір минут ішінде он сұраққа жедел жауап беру арқылы өз білімдерін дәлелдеді. Қазылар алқасы қатысушылардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін, жауаптарының мазмұндылығы мен ерекшелігін, таза әрі дұрыс сөйлеуін ескеріп, жеңімпаздарды анықтады.
Осылайша, бірінші орынға орыс тілі пәнінің мұғалімі И.Ермолина лайық деп танылса, екінші орынды кітапханашы А.Чайгуцкая, ал үшінші орынды биология пәнінің мұғалімі Е.Крохина иеленді. Мұғалімдердің осындай байқауға қатысып, бақ сынауы – олардың мемлекеттік тілді дәріптеуге қосқан үлесін және оның мәртебесін арттыру жолындағы талпыныстарын көрсетті.
Бастауыш сынып оқушылары арасында өткізілген «Қазақстан – құтты мекен!» мәнерлеп оқу байқауы да ерекше әсер қалдырды. Онда 11 оқушы өлеңдерді нақышына келтіріп, шеберлікпен орындауға тырысты. Байқау барысында оқушылар тек өлең оқумен шектелмей, қазақтың «Сақина салу» және «Ойлан, тап» атты ұлттық ойындарын да қызығушылықпен ойнап, өз белсенділіктерін танытты.
Қазылар алқасының шешімімен үшінші орынға Дмитрий Вишниченко мен Амина Чоткараева, екінші орынға Роман Василенко мен Әділ Ержанов, ал бірінші орынға Богдан Глухов лайық деп табылды. Қазылар қатысушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін атап өтіп, олардың өнерін жоғары бағалады. Жүлдегерлер мен сайысқа қатысушылар мадақтамалармен, Алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Осындай іс-шаралар – қазақ тілінің мәртебесін арттыруға бағытталған жұмыстардың бір бөлігі ғана. Бүгінде елімізде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге арналған бұдан да көлемді жобалар жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде тіл үйренушілердің қатары күн сайын артып, қазақ тілінің беделі күшейіп келеді.
Қазіргі таңда мемлекеттік тіл ел өмірінің барлық саласында қолданылып, кез келген азамат қазақ тілінде қызмет алуға мүмкіндік иеленуде. Сондықтан, мемлекеттік тілді білу – заман талабы ғана емес, қоғамның негізгі қажеттілігі. Тілді күнделікті өмірде қолдану және оның қолданыс аясын кеңейту – әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы. Демек, тілімізді тұғырлы етіп, оның болашағын қамтамасыз ету – баршамыздың басты міндетіміз.

Жумабек КАЛМАГАНБЕТОВ,
Май ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі, мемлекеттік тіл ӘБ жетекшісі,
Б.Майлин ауданы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.