Арқалық қаласындағы Б.Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектепте жазушы, драматург Бейімбет Майлиннің шығармашылық мұрасын насихаттап, ұлттық құндылықтарын ұрпақ тәрбиесімен сабақтастыру мақсатында облыстық семинар өтті.
Семинардың ашылуы жазушы шығармасының желісі бойынша дайындалған театрландырылған қойылыммен басталды. Оқушылар Б.Майлиннің «Алғашқы сабақ» шығармасы негізінде сахналық көрініс ұсынды. Онда өткен дәуірдегі ауыл өмірі, бала тәрбиесі мен білімге деген құштарлық бейнеленді. Оқушылардың сахналық шеберлігі мен шығарманы көркем жеткізуі қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Көрініс арқылы білімнің адам өміріндегі орны, ұстаз еңбегінің маңызы және ұрпақ тәрбиесіндегі мектептің рөлі насихатталды.
Іс-шараға Рудный қаласындағы Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназия директорының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Гульжанат Жумабаева арнайы қатысқанын айта кеткен жөн. Бағдарлама аясында ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырылды. Сабақта Бейімбет Майлин шығармаларының көркемдік ерекшеліктері, тақырыптық мазмұны мен тәрбиелік маңызы жан-жақты қарастырылды.
Педагогтер жазушы туындыларын оқытуда тиімді әдістерді қолданып, білім алушылардың шығармашылық қабілетін, сыни ойлауын және әдеби талғамын дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізді. Ал сыныптан тыс іс-шараларда жазушы шығармаларындағы өмір шындығы, кейіпкерлер тағдыры, ұлттық болмыс пен адамгершілік құндылықтар зерделенді. Туындыларды бүгінгі күнмен байланыстыра талдау арқылы оқушылардың бойында туған жерге сүйіспеншілік, үлкенге құрмет, еңбекке адалдық, ізгілік пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға басымдық берілді.
Семинар бағдарламасындағы ерекше бөлімдердің бірі – қонақтарға арналған «Б.Майлин ауылы» танымдық саяхаты болды. Қатысушылар жазушы өмір сүрген дәуірдегі ауыл тіршілігін бейнелейтін ортаға еніп, қазақ ауылының тұрмыс-салтымен, ұлттық дәстүрлерімен және тыныс-тіршілігімен танысты. Ауыл көрінісі арқылы халқымыздың қонақжайлық дәстүрі, салт-санасы, ұлттық тағамдары мен тұрмыстық мәдениеті таныстырылды.
Тағылымды кездесудің әсерлі сәттерінің бірі – мектебіміздің мақтанышы, облыстық және республикалық ақындар айтысының жеңімпазы Рагатов Нұрисламның Бейімбет Майлинге арнаған жыр-толғауы болды. Жас ақын өлеңінде жерлес жазушының дара тұлғасын, қазақ әдебиетіне қалдырған мол мұрасын және ұлт руханиятындағы айрықша орнын жырлады. Әжелердің әні, ауыл балаларының ұлттық ойындары, қазақы дастарқан мен дәстүрлі қонақжайлық көріністері қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Осылайша «Б.Майлин мұрасы – мәңгілік құндылық» атты облыстық семинар әдеби мұраны тәрбие жұмысымен ұштастырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, педагогтердің тәжірибе алмасуына және шығармашылық ізденісіне жол ашқан тағылымды іс-шара болды.
Сәндігүл СУЛТАНОВА,
Б.Майлин атындағы
№3 жалпы білім беретін
мектеп директорының
тәрбие жұмысы
жөніндегі орынбасары,
Арқалық қаласы
Вот уже семь лет я тесно сотрудничаю с областной газетой «Учительская плюс». Могу с уверенностью сказать, что это одно из самых подходящих изданий не только для педагогов, но и в целом для всех работников сферы образования. Для меня особенно ценно то, что подписавшись на газету, я как полноценный журналист могу освещать все интересные события, которые проходят в нашем Центре дополнительного образования. Мы всегда получаем своевременный отклик на наши письма. За этим, конечно же, стоит огромный труд всего коллектива «Учительской плюс». Хочу пожелать газете процветания, благодарных читателей и сохранения своего неповторимого стиля!
Для меня счастливо сплелись преподавание русского языка и литературы в школе и возможность проявить себя в журналистике. Работая со словом, я на страницах газеты могу выразить свои мнения, размышления, впечатления, поделиться достижениями коллег, учеников. Освещаю активную профсоюзную деятельность в образовательной сфере города Рудного. С удовольствием пишу и о спортивных мероприятиях, потому что сам неравнодушен к спорту. И очень приятно, что мои творческие порывы находят признание и в редакции, и у читателей «Учительской плюс».