Болашағымыз – білімді ұрпақ

Выпуск - №12(609)   :   29.03.2024
530

image

Дарын – адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет. «Дарынды бала алдымызға қашан келеді?» деп күтудің қажеті жоқ, керісінше, балалардың бойындағы қабілетті ашып, қоғамның лайықты тұлғасын дайындау жолында еңбек етуіміз қажет.

Бүгінгі қоғам алдында, әрбір ұстаздың алдында қабілетті оқушыларды іздеп тауып, оларды тәрбиелеу мен оқыту мақсаты тұр. Дарынды балалармен жұмыс істеуде ұстаздың өзі бірінші болып ізденеді. Ұстаз ретінде оқытып жүрген оқушыларымның өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, біліп алған соң ғана, оларды дамыту деңгейіне орай әдіс-тәсілдерді іріктеп, талдап, қолдануға, жетілдіруге ерекше назар аударып келемін.
Сондай дарынды оқушыларымның бірі – 1 «Б» сынып оқушысы Раяна Абылайханқызы. Раяна үш жасынан бастап ән айтып, би билейді. Оқу жылының басынан мектеп абыройын еселеген дарынды оқушымды қалай мақтасам та артық болмас. Мектеп өмірінде болып жатқан түрлі іс-шараларға белсене қатысып, білім, өнер додаларында сан мәрте жеңіс тұғырынан көрініп жүрген дарынды шәкірттеріміздің еңбектері қашан да елеулі.
Шығармашылықты серік еткен Раяна республикалық «Қысқы ертегілер» байқаудың І дәрежелі дипломын, облыстық «Атамекен» танымдық-зияткерлік олимпиадасының І дәрежелі дипломын иеленді, республикалық «Мұқағали оқулары» көркем сөз сайысының жүлдегері, «Бала дарын» республикалық байқауының І дәрежелі дипломы, сондай-ақ республикалық «Ақбота» зияткерлік олимпиадасының І дәрежелі дипломы және «Алтын дауыс» қалалық вокалдық конкурсының І орын иегері. Қалалық «ЖҰЛДЫЗ-LIVE» патриоттық ән байқауынан да жүлделі ІІ орынды қанжығалаған. Республикалық «Жарық жұлдыздар» балалар журналына Раянаның өнері жайлы мақала жарияланды.
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, қасиетті қарашаңырақ А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназия қабырғасында білім алып отырған шәкірттеріміздің арқасында мектебіміздің мерейі әлі талай артып, абыройы қашан да асқақ боларына сеніміміз мол.

Жанар КАБДУАЛИЕВА,
А.Байтұрсынов атындағы
мектеп-гимназияның
бастауыш сынып мұғалімі,
Арқалық қаласы

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Ғасырға қадам басқан білім ордасы

Неделю назад в 15:09

Бүгінгі мектеп

Жасыл болашаққа тамыр тартқан жоба

Неделю назад в 15:07

Бүгінгі мектеп

Актуально

Реклама

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.

Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.