Қостанай қаласындағы №16 жалпы білім беретін орта мектептің 3 «А» сынып оқушылары «Бояулар құпиясы» республикалық жас суретшілер байқауына қатысты. Олар «Менің Отаным» тақырыбында сурет салып, шығармашылықтарын көрсетті.
Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері осы шығармашылықтың нәтижесі. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін қарастырғанда, ең алдымен, «қабілет» ұғымының мәнін терең түсіну қажет. Мектепте шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамытуда бейнелеу өнері маңызды рөл атқарады. Себебі, ол көркемдік шығармашылық әрекеттің негізі болып табылады.
Осы орайда, балалардың сурет салу қабілеттеріне назар аудардым. Балалар сурет салуды өте ұнатады. Олар тек қарындаш, фломастер, қылқаламмен ғана емес, тіпті өздерінің сүйікті ісіне басқа да заттарды қолданады. «Менің Отаным» тақырыбында өткен сурет байқауына әр оқушы асқан жауапкершілікпен қарап, Отанына деген құрметі мен махаббатын түрлі-түсті бояулармен көрсете білді. Нәтижесінде оқушыларымның салған суреттері жоғары бағаланып, бірінші орынды Алиса Дыдыкало иеленсе, жүлделі үшінші орынмен Айару Атымтай, Аруна Ермекбаева, Лаура Жилкибаева және Екатерина Жуйкова марапатталды.
Көркемдік-шығармашылық әрекет – бейнелеу өнері баланың шығармашылық қабілеттерімен қатар қиялын, ойлау қабілетін, жауапкершілігі мен дербестігін дамытады. Дәл осы қасиеттер оқушыларымның болашақ өмірдегі жетістік формуласының негізі болып табылады.
Тулебике АХМЕТОВА,
№16 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!
Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.