Бүгінгі жастар – ел болашағы

Выпуск - №9(506)   :   10.03.2022
396

Өскелең ұрпақтың қадағалаусыз және панасыз қалуы ел болашағына үлкен қауіп төндіретін құбылыс. Өйткені, мемлекеттің дамуы өскелең ұрпақтың денсаулығына, адамгершілік тәрбиесіне, біліміне тікелей байланысты екені ақиқат.

Балалық шақ – адам өміріндегі ең жарқын, қайғысыз, қамсыз күндерге толы бақытты кезең. Алайда кейбір балалар бұндай бақыттан қағылады. Оның себептері: ата-анасынан қапыда айырылуы, отбасының төмен тұрмыстық жағдайы, ата-анасының өз баласының тәрбиесімен айналысуға мүмкіндік бермейтін ауыр жұмыс түрлері, ата-аналардың педагогикалық білімсіздігі, балаларына қатысты өз міндеттерін түсінбеуі және орындамауы. Осының барлығы дерлік қадағалаусыздық пен панасыздыққа әкеліп соқтырады.

«Тағдыр таразысының қалай ауатыны, бесіктің қалай тербелетініне байланысты» дейді халық даналығы. Қадағалаусыз және панасыз балалар – отбасының назарынан, қамқорлығынан шет қалған, өз кезегінде девиантты мінез-құлықпен ерекшеленетін, ішімдік, есірткі пайдаланатын, құқық бұзушылық әрекеттер жасауға әуес кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер. Кәмілетке толмаған мектеп жасындағы баланың бірден-бір қамқоршысы – баланың білім алып жатқан мектебі. Айсары жалпы білім беретін мектебінде, оқушылар арасында құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтардың алдын алу мақсатында, оқу жылының басынын бері оқушылармен және оқушылардың ата-аналарымен бірталай жұмыстар жүргізіліп келеді.

Оқу жылының басында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілген болатын. Аталмыш жоспарға сәйкес мектебімізде оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу жөнінде кеңес мүшелері жұмыс істейді. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мектебімізде спорттық үйірмелер жұмыс істейді әрі оған оқушылар тартылып отыр. Мектеп әкімшілігінің және сынып жетекшілердің атқарған жұмыстарының нәтижесінде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыстар Айсары жалпы білім беретін мектебінде тіркелмеген. Алдағы уақытта да ата-аналармен, қоғамен бірлесе отырып жұмыстар атқаратын боламыз.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші, бүгінгі жастар – ел болашағы. Жас ұрпақ ертең мемлекеттің тұтқасын ұстар азамат, сондықтанда білім алушы жастар отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм, танымның заңдылықтарын игеру тиіс. Сонда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық әрекеттер азайып, балаларымыз құқығы қорғалған, дербес ортада өмір сүретін болады.


Жанагүл ЖҰМАБАЕВА,
Айсары ЖББМ
әлеуметтік педагогі,
Қостанай ауданы

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!