Қостанай қаласындағы А.С. Пушкин атындағы балалар кітапханасында Бұқар жыраудың 330 жылдығына арналған «Ұлылар ұлағаты» атты тарихи сағат өтті. Іс-шараға №2 мектеп-лицейдің оқушылары мен оқытушысы Динара Ахметбекова арнайы қатысты.

Бұқар жырау аласапыран заманда ел бірлігін ту етіп, сыртқы жаулармен күреске үндейді. Халық ақ киізге көтеріп сайлаған Абылай саясатын қолдап, хандықты одан әрі нығайту жолында күреседі. Жырау, жоңғар-қалмақ шайқасының барлық ауыртпашылығын елмен бірге көтерумен қатар хан-сұлтандарға, қолбасшыларға кеңес беріп, идеологиялық тұрғыдан бағыт-бағдар көрсетіп отырған.
Қазақтың ұлттық ауыз әдебиетінде даналық сөздерімен өшпес із қалдырған, сол уақыттың өзінде-ақ ұлан-ғайыр даламызда Үш жүзге ортақ ұлағатты жырау болған Бұқар Қалқаманұлының есімін қазақ халқы әрқашан зор мақтанышпен қадір тұтады. Кітапханадағы тәлім мол іс-шараға қатысқан қонағымыз Динара Қожатайқызы Бұқар жыраудың шығармашылығымен қоса өмірбаяны туралы көптеген қызықты оқиғаларды әңгімелеп берді.
Ақпараттар балаларға неғұрлым түсінікті болуы үшін, қосымша бейнероликтер көрсетілді. Осы тұста тағылымға толы шараға атсалысқан, арнайы қатысқан кеш қонақтарына ерекше алғысымызды білдіреміз.
Эльмира МИРЗАЛИЕВА,
А.С. Пушкин атындағы
балалар кітапханасының
кітапханашысы,
Қостанай қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.