Чемпионаттан жүлдемен оралды

Выпуск - №22(519)   :   06.06.2022
706

Қостанай облысында 16-26 мамыр аралығында бірнеше мамандықтар аясында «WorldSkills Kostanay-2022» чемпионаты өтті. Оған Арқалық қаласындағы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері де қатысты.

Атап қтер болсақ, облыстық чемпионатқа колледжіміздің «Бастауыш білім беру» мамандығы аясында менің жетекшілігіммен БМ-42 тобының студенті Ақбота Үшқас және «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша Зайгуль Хасенованың жетекшілігімен МД-42 тобының студенті Арайлым Бурабай қатысып қайтты. «WorldSkills Kostanay-2022» конкурстық тапсырмада дәйекті түрде орындалатын бірнеше модульдер аясында өткізілді.

Бағалау модульдердің жұмысына және конкурстық жұмысты орындау процесіне қатысты да жүргізілді. Конкурстық тапсырма А, В, С, Д модульдері бойынша орындалып, уақыты мен егжей-тегжейін байқау шарттарына байланысты эксперттер мен тәуелсіз эксперттер қадағалап, баллдық жүйеде бағалап отырды. Чемпионат өтетін күні қатысушылар конкурстық тапсырма модульдерінің мазмұны мен тәртібімен, сондай-ақ оларды орындаудың қауіпсіз тәсілдерімен, құрал-жабдықтардың жарамдылығымен танысып шықты. Әр модуль сайын жеребе негізінде қатысушылардың кезекті нөмірлері анықталып отырды.

А модулінде: интерактивті жабдықтарды пайдалана отырып, оқу пәндерінің бірі бойынша бастауыш сыныптарда сабақ фрагментін әзірлеу, әдістемелік сүйемелдеу және өткізу, яғни жаңа білімді ашу кезеңі аясында өтті.

В модулінің негізінде оқу пәндерінің бірі бойынша нақты тақырыпты меңгеруді қамтамасыз ететін деңгейлік оқу тапсырмаларын «Блум таксономиясы» негізінде әзірлеп, сол жұмысын көрсету керек болды.

С модулі аясында мұғалімнің жеке сайтын құруы тиіс болды. Мұндағы негізгі мақсат: берілген тақырып бойынша интернет-ресурспен жұмыс істей алу қабілетін көрсету. Сайттың құрылымдық бөлімдеріне сәйкес теориялық, әдістемелік, тәрбиелік материалдардың да жүйелі болуы маңызды рөл атқарды.

Д модулі виртуалды турды дайындау және өткізуге негізделді (Module D. Preparation and conduct of a virtual tour). Мұндағы негізгі түйін, 5 объект негізінде тур жасау және бұл модуль ағылшын тілінде қорғалды. Аталған чемпионатта Ақбота Елдосқызы білімділігімен, жан-жақтылығымен ерекше көзге түсіп, жүлделі II орынға ие болып, күміс медаль иегері атанды. Ақбота колледжіміздің үздік студенттерінің бірі. Сондай-ақ Арайлым Қанатқызы да Алғыс хат пен сертификатка ие болды. Біз, осындай білімді, жаңашыл білім алушыларымызбен мақтанамыз.


Луиза АҚЫЛБЕКОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
арнайы пәндер оқытушысы,
Арқалық қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.