Дана әрі тәтті кітаптар фестивалі

Выпуск - №8 (404)   :   19.02.2020
641

Жуырда Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде үстіміздегі жылдың атаулы мерейтойлары қарсаңында мектеп оқушылары арасында «Edible book» фестивалі ұйымдастырылды.

Әлемнің жеті кереметінен асқан ғажайып әрі құнды дүние бар. Ол әркез көмек беріп, бар білгенімен бөлісіп, үйретуге, тіпті баяндап беруге даяр нағыз дос әрі ұстаз. Және онысына қайтарым не алғыс та талап етпейді. Бұл сипаттаулар қандай дүниеге тән екендігін бірден түсінген боларсыздар. Әрине, бұл – кітап. Осынау құнды қазынамыздың қадір-қасиетін және биыл мерейтойы аталатын тарихтағы дана тұлғаларымызды насихаттау мақсатында өткен фестивальде білім ордамыздың бес сыныбынан 100 оқушы қамтылды.

Он топқа бөлінген оқушылар кітап пішіндес тәтті тоқаштарын атаулы күндер мен түрлі кітаптар желісі бойынша безендірді. Мектебімізде екінші жыл қатарынан өткізіліп отырған фестивальдің басты мақсаты – оқушыларды кітап оқуға баулу және ұлы тұлғалардың ұрпаққа мұра етіп қалдырып кеткен шығармаларымен жақынырақ таныстыру. Бір сынып Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Тәтті кітап» дайындаса, енді бірі Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын өз жұмыстарына арқау етті.

Одан бөлек Бауыржан Момышұлының 110 жылдығы, Ш.Уәлиханов жерлесіміздің 185 жылдығы мен Н.Ә. Назарбаевтың 80 жылдық мерейтойлары да оқушылардың еңбектеріне арқау болды. Әр сынып «Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушыларына оқуға ұсынылатын 100 кітап жобасы» бойынша сүйіп оқитын шығармаларының желісімен де жеке тоқаш даярлады. Фестивальдің сәнін одан сайын келтірген «Тұмар» би тобы кітаптармен флешмоб биледі. Көрермендер үшін де «Графикалық көңіл-күй» викторинасы ұйымдастырылып, әр сұраққа жауап берген қонақтарымыз тәтті сыйлықтарға ие болды.

– Фестивальге қатысқан топтардың жұмыстары бірінен-бірі өтеді. «Тәтті кітаптарды» бағалау барысында оқушылардың біліміне, олардың киген костюміне, кітаптардың таныстырылымы мен дәміне де аса мән берілді, – дейді фестиваль ұйымдастырушысы Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханашысы Айжан Сұлтанқызы.

Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша 7 «В» сынып оқушылары дайындаған Шекспирдің «Ромео Джулиетта» кітабының мұқабасы бейнеленген торт үздік деп танылып, фестиваль жеңімпазы атанды. Ал қалған қатысушы сыныптар әр түрлі аталымдармен марапатталды. Кітап оқығанды жаны сүйетін 7-сынып оқушысы Ағаділ Бақдәулет те фестивальге қатысқандығын қуанышпен жеткізді. Оның тобы тоқашын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай әзірлепті.

– Кітапханашы апайлар бізге ылғи түрлі жобалар мен акцияларды ұйымдастырып, кітапқа деген қызығушылығымызды арттырып жүреді. Солардың бірі – осы ұйымдастырылған фестиваль болды. Қызықты әрі тартысты өткен шараға мерейтой иелеріне арнап тоқаш дайындар алдында қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғаларының өмір жолымен және шығармаларымен жақынырақ таныс болдық. Ал қазақтың бас ақыны Абай атамыздың 175 жылдығына орай торт жасау біздің сынып үшін үлкен мәртебе деп есептеймін. Бірінші орын жеңіп алмасақ та, «Ең мықты спикер» аталымына ие болдық. Болашақта да кітапхана ұйымдастырған барлық байқаулар мен жобаларға белсене ат салысатын боламыз. Осындай қызықты іс-шаралар жиі болып тұрады деген сенімдемін. Барлық ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс айтамын, – деп мерекенің жоғарғы деңгейде өткенін атап өтті.

Фестиваль қатысқан оқушыларға ғана емес, көрермендерге де ерекше әсер сыйлағаны анық. Тәтті әрі пайдалы шара жыл сайынғы дәстүрге айналып, келер жылы да жалғасын табады деген сенімдеміз.

Абылай ҚАСЫМОВ,
ФМБ НЗМ баспасөз хатшысы,
Қостанай қаласы

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

2 дня назад в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

2 дня назад в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

2 дня назад в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

2 дня назад в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.