Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
09/11/26 Понедельник

Дарынды бала – ел болашағы

Выпуск - №45(593)   :   07.12.2023
554

Зерттеу жұмысы – шығармашылық үрдіс. Зерттеу жұмысымен айналысу, шығармашылық жоба жазу оқушының аналитикалық ойлау қабілетін дамытады, шешім қабылдай алу қабілетін қалыптастырады.

Оқушыны ғылыми-зерттеу жұмысына қатыстыру үшін, ең алдымен, оны қызықтыра отырып, зерттеу талабын қалыптастыру керек. Яғни, оқушы ақпаратты алып қана қоймай, оны басқаларға хабарлай білуге талпынуы тиіс. Расында, тұлғаға дұрыс бағыт беру, даму, қалыптасу аймағына енгізу, белсенділігін туғызу, өзін-өзі тәрбиелеу іс-әрекетіне ықпал ету – ұстаздар алдындағы жауапты міндет. Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің заманға бейімділігі болуы керек. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет. Осы тұста ғылыми-зерттеу жұмыстардың атқарар рөлі зор.

Мектебіміздің оқушылары ғылыми жоба сайыстарына үнемі қатысып келеді. Үстіміздегі оқу жылында аудандық және облыстық 2-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» республикалық зерттеу жобалар конкурсына жұптық жұмыспен Аяулым Мирамхан мен Елдос Мергенбай «Ешкі сүтінің пайдасын қазақи бренд түрінде жаңғырту» тақырыбында жетекшілері Рагүл Токаеваның сүйемелдеуімен өте ауқымды, тағылымы мол жұмысты қорғады. Байқау нәтижесінде ауданда 1-орынға, ал облыс бойынша 3-орынды иеленіп, мадақтама мен дипломмен марапатталды.

Бағындырған белесімен ұлағатты ұстазымыз Рагүл Сүлейменқызын және оқушыларымызды құттықтай отырып, алдағы уақытта шығармашылық жетістіктері жемісті болсын деп тілейміз.


Динара БАЙГЕНЖИНА,
Дәмді ЖББ мектебі
директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары,
Науырзым ауданы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.