«Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін – білім», – деп М.Әуезов айтқандай, келешек кемел білім мен ұлағатты тәрбиеге байланысты. Мектеп пен қала абыройын түрлі деңгейде еселеген оқушыларымызды қалай мақтасақ та артықтық етпейді.
Мектеп өмірінде болып жатқан түрлі іс-шараға белсене қатысып, білім, өнер додаларында сан мәрте жеңіс тұғырынан көрініп жүрген дарынды шәкірттеріміздің еңбектері қашан да елеулі. Мұғалімдерінің ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігіне бөленген оқушыларымыздың бойларындағы дарындық қасиет ата-анасынан бойларына дарып, өскен ортасында, яғни, мектеп қабырғасында шыңдалып, ұстаздарының қолдауымен жетіле түсті.
Жас өркеннің бойындағы ерекше қабілеті мен дарындылығын тани білу, оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу – ерекше қиын да қызықты іс. Алайда, әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу – ұстаздың басты парызы. Баланы заман талабына қарай көрегендікпен икемдеп, озық өнегені санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.
Осындай игі қасиеттерді бойына жинап, жетекшілік етіп жүрген сыныбына бар мейірімін төгіп, биіктерді бағындыруына себепші бола білген орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұлдызай Балғабайқызы мен жұлдызды сыныптың алғашқы ұстазы Дидар Балгабайқызы бала бойындағы дарынды танып, жетілдіруде еткен еңбектері зор. Оқу мен тәрбиені қатар ала білген мектебіміздің озық ойлы 11 «А» сынып оқушылары – Аружан Бауыржанқызы, Назым Тұрсынқызы, Али Есетұлы, Дильназ Канатовна, Қадырқызы Шұғыла, Ақния Дарханқызы, Назым Қуанышқызы, Толқын Талғатқызы, Күләш Сакенқызы, Санерке Исақызын әрдайым мақтан етеміз.
«Ұрпағы білімді халықтың – болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, 60 жылдан асқан тарихы бар, қасиетті қарашаңырақ Б.Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектебі қабырғасынан ұшқалы отырған аяулы шәкірттеріміздің арқасында мектебіміздің мерейі әлі талай артып, абыройы қашан да асқақ боларына сеніміміз мол.
Индира БАЛТАБАЕВА,
Б.Майлин атындағы
№3 ЖББМ директорының
ғылыми-әдістемелік
жұмыстар жөніндегі
орынбасары, биология
пәнінің мұғалімі,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.