Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық IQanat олимпиадасының финалдық кезеңі мәресіне жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген 1000 дарынды жеткіншек Алматы қаласында өткен шешуші кезеңде бақ сынады.
Жобаның республикалық кезеңінде қатысушылар логикалық ойлау, математикалық және оқу сауаттылығы, ағылшын тілі, сондай-ақ таңдау бойынша алты пәннің бірінен тест тапсырып, эмоционалдық интеллект, кәсіпкерлік пен көшбасшылық қасиеттерін анықтайтын сынақтардан өтті. Бір апта бойы оқушылар үшін мазмұнды мәдени-танымдық бағдарлама ұйымдастырылып, олар жоғары оқу орындарын аралады, soft skills тренингтеріне қатысты, сонымен қатар жоба қамқоршыларымен жүздесті. Олимпиада түлектері мен жоғары сынып оқушылары peer-to-peer (тең-теңімен) әдісі арқылы кіші буынға дәріс берді.
«Сұңқар» халықаралық трамплиндер кешенінде өткен салтанатты марапаттау рәсімінде 125 оқушы толық грантқа және 125 бала жартылай грантқа ие болды. Биыл Қостанай облысының финалистері жоғары дайындықтарын дәлелдеп, ерекше нәтиже көрсетті. Өткен жылы өңірдің оқушылары 9 грант пен 9 жартылай грант иеленген болса, биыл финалға жолдама алған 46 оқушының 11-і IQanat High School of Burabay мектебіне берілетін басты грантты жеңіп алды. Олар: Айша Оракова (Амангелді ауданы), Олег Трохимик (Арқалық өңірі), Томирис Елеукина (Әулиекөл ауданы), Айзере Жаңабай (Жангелдин ауданы), Руслан Кустанов (Қарабалық ауданы), Темірлан Қабдырахман (Қостанай ауданы), Адлет Имангалиев пен Жасмин Кубегенова (Науырзым ауданы), Жаслан Бегимбаев (Б.Майлин ауданы), Дарьяна Бекишева (Сарыкөл ауданы) және Дилара Айкелова (Федоров ауданы).
Тағы 9 финалист IQ Advance тереңдетілген бағдарламасы бойынша білім алуға сертификат иеленді. Олар өздерінің мектептерінде оқи отырып, IQanat мектебінің қарқынды сессияларына қатысады. Сертификат иегерлері: Арыстан Омарбек (Әулиекөл ауданы), Балжан Турткараева (Денисов ауданы), Рахат Каирбеков (Қамысты ауданы), Алёна Ковалик (Қарабалық ауданы), Светлана Салтымуратова (Қарасу ауданы), Артём Миних (Қостанай ауданы), Малика Ахметкалиева (Б.Майлин ауданы), Айару Утимисова мен Арлан Бекенов (Сарыкөл ауданы).
Жүлделі орындардан көріне алмаған қостанайлық 26 оқушыны 3 жылдық тегін қолдау бағдарламасы күтіп тұр. Олар Бурабайдағы IQanat мектебінде тұрақты түрде ҰБТ-ға, халықаралық емтихандарға дайындалып, IT, кәсіпкерлік пен ағылшын тілін тереңдетіп оқиды. Атап өту керек, IQanat білім беру бағдарламасы – 250 отандық кәсіпкердің бастамасымен жүзеге асып жатқан бірегей әлеуметтік-қайырымдылық жобасы. Оның мақсаты – ауыл балаларының әлеуетін ашып, олардың беделді қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарына тегін түсуіне септігін тигізу.
Гульнара БЕРСАГУРОВА,
«IQanat» білім беру қорының
Қостанай облысы бойынша
өңірлік үйлестірушісі
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.