Дәстүр мен ғұрып көрінісі

Выпуск - №44(491)   :   13.11.2021
531

«Жас сарбаз» қоғамдық қоры мен Қостанай аудандық білім бөлімі ұйымдастырған «Дәстүрлі өркениет» байқауы ұлтымыздың дәстүрін өскелең ұрпаққа насихаттауға бағытталған. Іс-шаралар оқушыларымыздың салт-дәстүрді жіті түсінуіне септігін тигізуде.

Қостанай ауданына қарасты Мичурин жалпы білім беретін мектебінде көнеріп, қолданыс аясы тарылған дәстүр мен ғұрыптан бас тартып, ұмыт болғанын жаңғыртып, тәрбиелік және адамгершілік құндылығы жоғары салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды заманға сай түрлендіру және қазақтың ұлттық асханасының ерекшелігі мен құндылықтарын кеңінен дәріптеу мақсатында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы жүзеге асырылуда. Жоғарыда аталған «Дәстүрлі өркениет» байқауына да Мичурин жалпы білім беретін мектебінің оқушылары қатысып, жүлделі 2-орынға ие болды.

Марапаттау сәтінде «Жас сарбаз» ҚҚ төрағасы Дамир Табулов жеңімпаздарға диплом мен сыйлыққа түрлі-түсті басып шығаруға арналған принтерді табыстады. Оқушыларымыз байқауға қызығышулықпен ат салысып, дайындық барысында біле білмейтін бағзы дәстүрлермен танысып, мол рухани азық алды. Осы тұста Мичурин жалпы білім беретін мектебінің оқушылары, ата-аналары мен ұстаздарының атынан байқау ұйымдастырушыларына үлкен алғыс білдіреміз. Ұлттық дәстүрімізді жаңғыртуға бағытталған осындай шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса құба-құп. Оқушыларды және жетекшілері Гүлмиран Баймұханова мен Гүлмира Садуақасованы шын жүректен құттықтаймыз.


Ерасыл ҚАЗЫБАЕВ,
Мичурин ЖББМ
басшысының тәрбик ісі
жөніндегі орынбасары,
Қостанай ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.