Жастардың жаһандық мәселеге қызығушылығын оята отыра, тұлғалық дағдыларды қалыптастыратын «YAMUN» облыстық конференциясы биыл Ыбырай Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында бесінші рет өткізілді.
2020 жылдан бастау алған конференция БҰҰ-ның оқушылар арасындағы моделі болып табылады. Алғаш рет аталмыш конференцияны 2020 жылы мектеп түлектері Ы.Алтынсарин атындағы ММГИ-дың 135 жылдығына орай өткізсе, көзді ашып-жұмғанша биыл бесінші рет өткізіліп отырған «YAMUN-2024» мектептің 140 жылдық мерейтойына арналды.
Қостанайдың әр бұрышынан 120-дан астам қатысушы тіркеліп, өзінің жаңа қырларын ашуға мүмкіндік алды. 8 комитет те қазіргі уақыт ағымында өзекті тақырыптарға бағытталды және 3 тілде өтті. Атап айтқанда: «Әйел құқығы комитеті», «Адам құқығы комитеті», «Комиссия по разоружению», «Экономический и социальный совет», «Совет по социальным, гуманитарным вопросам и вопросам культуры», «Economical and Social Committee», «The Social Humanitarian and Cultural Committee», «The UNEP». Барлық үдерісті қадағалап, бағыт-бағдар берген жетекші – Гульбану Абдразаковна. Оның қолдауымен оқушылар конференцияны жылдан-жылға мұра етіп, жоғары деңгейде өткізуде.
«Достық» білім беру орталығы және «Grand Lux» тілдер орталығы бірнеше жылдар қатарынан «YAMUN» конференциясының сенімді демеушілері екенін ерекше атап өткен жөн. Аталмыш конференциясының мақсаты мен міндеті оқушыларды ғаламдық мәселелерге назар аударуына негізделген. Әрбір оқушы өзін бір елдің делегаты ретінде танытып, ресми түрде дипломаттық қарым-қатынас жасай отыра, жаһандық мәселелерді шешу жолын ұсынады. Қатысушылардың көпшілік алдында еркін ұстауы, ораторлық қабілеттерін дамытуы, жауапкершілік және сыни көзқарасты қалыптастыру – конференцияның басты мақсаттарының бірі.
Осындай үлкен идеяны көздеген конференцияның өтуі – мәртебе. Жылдан жылға дәстүрге айналған «YAMUN» конференциясы кең көлемде дамуда. «Болашақ – жастардың қолында» демекші, қазірден бастап жалынды жастарды қалыптастыру – басты мақсат.
Азиза ИСКАКОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
мамандандырылған мектеп-
гимназия-интернаттың
11-сынып оқушысы,
Қостанай қаласы
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!
Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.