Ойында сөз жарыстыра отырып, қарсыласқа ұтымды жауап қайтару, өз идеяңды қорғап шығу – үлкен шеберлік. Тарихқа көз жүгіртсек, дебат арқылы талай мәселелер талқыланып, шешімін тапқан. Бүгінде де бұл өнер өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Дебат – тәртіп пен тәрбиенің, сыйластықтың ортасы. ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жан-жақты даму үшін алған білімді дебат ойындары арқылы жүзеге асырып, дамытуды айтқан еді. Осы бағыт бойынша Амангелді ауданына қарасты Байғабыл ауылындағы А.Нұрманов атындағы ЖББ мектебінің «Асыл сөз» дебат клубы 2 жылдай жұмыс істеуде. Үйірмеге биылғы оқу жылында 15 білім алушы тартылды.
Жалпы дебат дегеніміз – пікірсайыс, жарыссөз, айтыс десек те болады. Шешендік өнер мен ой ұшқырлығы сынға түсетін ойын. Дәлелдер мен фактілерге сүйенеді. Белгілі бір тәртіпке бағына отырып, ойыншылар бір-біріне құрмет танытады. Сондықтан оны дұрыс жоспарлай білу керек. Қатысушы білімді, батыл және әдепті болуы тиіс. Ең бастысы, дебат – ұрыс алаңы емес, нақты тақырып аясында арнайы ережелер негізінде ой жарыстыру. Ол білім алушылар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Ортасы өзгереді, достары көбейеді. Сөйлеу мәдениеті қалыптасып, ойды тиянақты жеткізуге дағдыланады. Үнемі ізденісте болады.
Пікірсайыста жетістікке жету үшін көзқарас, мықты мінез, өз ұстанымын дәлелді түрде қорғай білуге жетелейтін ұмтылыс маңызды. Ол үшін көп кітап оқып, танымдық бағдарламаларды қарап, қарым-қатынас орната білу, аргументация дағдыларын дамыту бойынша үнемі жұмыс істеу керек.
Ардақ ӘБДІҒАЛИ,
А.Нұрманов атындағы
ЖББМ «Асыл сөз» дебат
клубының жетекшісі,
Амангелді ауданы,
Байғабыл ауылы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.