Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ

Выпуск - №35(583)   :   19.09.2023
1041

Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия-интернатында денсаулық күніне орай, сонымен қатар «9 ай – 9 іс-шара» тұжырымдамасы негізінде мақала тақырыбымен аттас спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

Денсаулық күні әр адамның назарын өмірдегі басты байлық – денсаулық мәселелеріне аудартып, денсаулықтың өмірде қаншалықты маңызды екендігін түсіндіндіруге негізделген. Ы.Алтынсарин атындағы білім ордасында өткен аталмыш мереке оқушылардың саламатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету және оларды денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, саламатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеуді көздеді.

«Тазалық – денсаулық кепілі. Денсаулық – байлық негізі» демекші, адамның басты байлығы – денсаулық. Кез келген адам үшін денсаулықтан қымбат байлық жоқ: бұл сөзіме ешкім де шүбә келтіре қоймас. Ал денсаулығымыз мықты болу үшін саламатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы зор. Міне, осы себепті жастар арасында саламаттылықты насихаттау мақсатында мектеп әкімшілігімен мектеп парламенті бірлесе отырып денсаулық күнін өткіздік. Аталған іс-шараға оқушылардан бөлек ата-аналар мен мұғалімдер де белсене қатысты. 5-сынып оқушыларының ата-аналарын құрмет грамоталарымен марапаттап, алғыс білдірді.

Денсаулық күнінде белсенділік танытқан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлнұр Әмірханқызы: «Иә, біздің балаларымыздың денсаулығы мықты болу үшін мектебімізде денсаулық күніне байланысты «Жаны саудың – тәні сау» атты іс-шара өткізілуде. Біздің оқушыларымыздың белсенділігі тамаша. Ауа райына қарамастан, оқушылар мен ата-аналардың көңіл-күйі көтеріңкі», – деп аталмыш іс-шара жайында ойымен бөлісті. Жарысқа 5-11 сынып аралығындағы оқушылар қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Түрлі спорттық ойындар, эстафета, жеңіл атлетика мен отбасылық спорт додасы қызу өтті. «Отбасым – байлығым» отбасылық жарысында 5-сынып оқушылары мен ата-аналары белсенділік танытты. Нәтижесінде 1-орынды 5 «А» сыныбы, 2-орынды 5 «Б» сыныбы, 3-орынды 5 «В» сыныбы иеленді. Ал «Көңілді старт» эстафетасында 6-сынып оқушыларынан 1-орынға 6 «Б» сыныбы, 2-орынға 6 «А» сыныбы, 3-орынға 6 «В» сыныбы ие болды. Ал 7-сыныптар арасындағы «Волейбол» ойынының да тартысты өткені жасырын емес. Ұлдар мен қыздар арасында қызықты ойын болды. Нәтижесінде 1-орынға 7 «А» сыныбының ұлдары мен қыздары, ал 2-орынға 7 «Б» сыныбының ұлдары мен қыздары лайық деп танылды.

Денсаулық – адам баласына берілген ең ұлы құндылық және оны сақтау әр адамның міндеті. Қазіргі таңда денсаулық – ең үлкен байлық қана емес, еліміздің басқа мемлекеттерден бір саты жоғары тұруына үлес қосатын фактор. «Баланы – жастан» демекші, дені сау, сана-сезімі терең, ақыл-ойы зерек ұрпақ тәрбиелеу, баланы бесігінен жақсы әдетке баулу – әрбір ата-ананың, тәрбиешінің жауапкершілігінде.


Азиза ИСКАКОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
мектеп-гимназия-интернаты,
мектеп парламентінің ақпарат
фракциясының көшбасшысы,
11-сынып оқушысы,
Қостанай қаласы

Реклама

Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.

Коллектив Айдарлинской общеобразовательной школы из года в год остаётся преданным и постоянным читателем газеты «Учительская плюс». Я глубоко убеждена, что это издание – незаменимый и важнейший ориентир для каждого современного педагога. На страницах газеты оперативно освещаются ключевые новости образования, публикуются практические статьи, ценные методические рекомендации и масса полезных материалов. Особая ценность издания для нас заключается в возможности знакомиться с передовым опытом коллег из других школ и черпать свежие, вдохновляющие идеи для собственной практики. В то же время газета даёт и нам прекрасный шанс заявить о себе: публиковать свои достижения и делиться наработками с широкой аудиторией. Именно поэтому «Учительская плюс» для меня – одно из самых важных изданий, напрямую способствующих профессиональному росту.