Әр адамның өмірінде спорттың алатын орны ерекше. Спортпен шұғылданған адамның денсаулығы мықты, дене шынықтыру деңгейі жоғары болатыны белгілі. «Бірінші байлық – денсаулық» дегендей, өміріміздегі ең құнды дүние – денсаулығымыз.
Қаламыздағы А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияның спорт алаңында «Мектеп лигасы-2024» ойындарының ашылу салтанаты өтті. Аталмыш іс-шараға қала әкімінің орынбасары Мешітбай Қайыржанұлы, қалалық білім бөлімінің әдіскері Ораз Ғазезович және мектеп-гимназия директоры Карлыгаш Серикбаевна қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға сәттілік тіледі.
Қадірменді қонақтарымыз құттықтау сөз алып, оқушыларымызға сәттілік тіледі. Патриоттық әндер орындалып, мерекелік көңіл-күй сыйланды. Лига ойындарының ашылуынан кейін «Теңбіл доп-2024» футбол жарысы басталды. Ойынға 9–11-сыныптың ер балалары қатысып, өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде, 1-орынды 11 «В» сыныбы, 2-орынды 10 «В» сыныбы, ал 3-орынды 9 «Б» сыныбы иеленді. Жеңімпаздар арнайы мадақтамалармен марапатталды.
Спорт әр адамның өмірінде әртүрлі орын алады. Расында да, көпшілікті ұлты мен жеріне, тілі мен дініне бөлмей өзіне ынтызар етер спорттың құдіреті жоғары. Бәріміз білетіндей, «спорт – денсаулық кепілі». Бастысы, талғампаз тәкәппәр өнерге шексіз беріліп, адалдық танытсаң берері мол – сиқырлы әлем екені сөзсіз.
Ерболат МАҒАУОВ,
А.Құнанбаев атындағы
мектеп-гимназиясының
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі,
Арқалық қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.