Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу қарсаңында Мичурин жалпы білім беретін мектебінде шахмат және дойбы ойындарының шынайы әуесқойлары үшін 2-10 сыныптар арасында дойбыдан мектеп турнирі өтті.
Туғаннан бастап өміріміз адамның физикалық және рухани мүмкіндіктерін дамытуға ықпал ететін ойындармен бірге жүреді. Қазіргі таңда дойбы зияткерлік ойындар қатарында шахматтан кейін екінші орында тұр және ол спорт түрлерінің біріне айналды. Ойын логикалық ойлауды, тапқырлықты, абстрактілі ойлау қабілетін дамытады, табандылықты, кеңістіктік қиялды тәрбиелейді, ойда әрекет ету қабілетін дамытады, ең бастысы – адамның есте сақтау қабілетін арттырады.
Мектебімізде 2-10 сынып оқушыларына арналған «Шахмат және дойбы» секциясы біздің мектептің педагогі Диас Ауескановтың жетекшілігімен өткізіледі. Дойбы ойынынан өткен турнирді Мичурин мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Диас Ауесканов пен Серік Бижанов Қостанай ауданының балалар шығармашылық үйімен бірлесіп ұйымдастырды. Жас дойбы әуесқойлары алғашқы қадамдардан бастап, «шабуылдар» жасап, барынша жеңіске жетуге тырысты.
Турнир қорытындысы бойынша қатарластарынан оза шапқан жүйріктер лайықты марапатына ие болды. Нәтижесінде 1-орынға – Ислам Мақатаев, Ольга Юртаева, 2-орынға – Ерасыл Әлімжан, Камила Смирнова, 3-орынға – Ескендір Ибрашев, Томирис Кишкимбаева ие болды. Турнир жеңімпаздары медальдармен және грамоталармен марапатталды, ал қалған қатысушылардың барлығына тәтті сыйлықтар табысталды. Жеңімпаздарды лайықты жеңісімен құттықтаймыз!
Ерасыл ҚАЗЫБАЕВ,
Мичурин ЖББМ
директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Қостанай ауданы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.