«Кел, балалар, оқылық!» деп ұлы ағартушы үндегендей, білім көші тағы да жаңа белеске бет алды. 2026-2027 оқу жылының басталуына санаулы күндер қалғанда өткен қалалық тамыз кеңесі сала қызметкерлері үшін қуанышты жаңалықтарға толы болды.
Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша үздік атанған облыс орталығындағы бірқатар білім ордаларына Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Мажит Шуленов 1 миллион теңгенің сертификаттарын табыстады. Аталмыш құрметке №16 бөбекжай-бақшаның директоры Галина Травкина («Үздік мектепке дейінгі ұйым»), №24 мектеп-гимназияның директоры Нұргүл Касенова («Үздік бастауыш және негізгі орта мектеп»), №23 жалпы білім беретін мектептің директоры Бауржан Саутбаев («Үздік жалпы білім беретін мектеп»), №1 мектеп-лицейдің директоры Бауржан Кажиякбаров («Үздік аралас типтегі мектеп») және М.Горький атындағы гимназияның директоры Гульфия Дандыбаева («Үздік инновациялық ұйым») лайық деп танылды.
Жылдағы дәстүрге сай, алғашқы қоңырау қарсаңындағы қалалық тамыз кеңесінде бастауыш және негізгі орта мектептер арасында үздік деп танылған №24 мектеп-гимназияның бұл жеңісі кездейсоқ емес. Мектептің бастауыш буынында оқушылардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына, ұлттық құндылықтар рухында тәрбиеленуіне қажетті жағдайлар жасалып, заманауи әрі озық педагогикалық әдістер оқу үдерісіне тиімді енгізіліп келеді. Мектеп директоры Нұргүл Касенованың айтуынша, дәстүрлі тамыз кеңесі педагогтер қауымына өткен оқу жылын саралап, мақсаттарды айқындап, жаңа оқу жылына тың серпінмен қадам басуға мүмкіндік береді.
– Дәстүрлі тамыз кеңесі бізге әрдайым жаңа серпін, жаңа шабыт береді. Биылғы басқосу да ерекше есте қалды. Осындай сертификатқа ие боламыз деп күтпеген едік. Өткен оқу жылында мектебіміздің жетістіктері аз болған жоқ. Республикалық, облыстық деңгейдегі түрлі байқаулар мен жобаларда көріндік. Бұл әрине, менің әріптестерімнің қажырлы еңбегінің арқасы. Олардың еңбегі еленіп, осындай жоғары марапатқа ие болғанымызға қуаныштымын, – деп атап өтті білім ордасының басшысы Нұргүл Шакировна. – Алдымызда үлкен мақсаттар мен міндеттер тұр. Ең бастысы – сол міндеттерді дұрыс меңгеріп, нәтижеге айналдыра білу. Бүгінде білім саласында адами капиталды дамыту, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану секілді маңызды бағыттар алға қойылып отыр. Бұл – заманның талабы. Осындай ауқымды міндеттерді ұстаздар қауымы абыроймен орындайтынына сенімдімін. Жаңа оқу жылы жаңа жеңістерге бастасын!
Еңбектің еленіп, үздіктің ұлықталуы – кез келген ұжымға жаңа күш береді. Марапат төрінен табылған білім беру мекемелерінің бұл марапаты да жаңа оқу жылындағы игі бастамаларға жол ашып, жаңа белестерге бастар жарқын қадамға айналсын дейміз.
Жамал ШАУКЕН,
Суретті түсірген автор
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Эффективное взаимодействие педагогов и родителей
История первого детского сада Лисаковска
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.
Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.