Екі мектеп – бір мұрат

Выпуск - №9(705)   :   06.03.2026
725

Екі мектеп бір мұрат (1)

Рудный қаласындағы М.Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте «Ұлы тұлғалар жолы» облыстық жобасы аясында маңызды тарихи кездесу өтіп, екі аттас білім ордасы арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.

Рудный қаласындағы мектеп пен Жангелдин ауданындағы мектеп арасындағы бұл келісім – жай ғана ресми құжат емес, тарихи сабақтастықты жалғаған, рухани жауапкершілікті арттырған әрі болашаққа бағытталған стратегиялық серіктестіктің бастауы болды. Тағылымды кездесу ұлт руханиятының шамшырағы, Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы мұрасын ұлықтауға арналды. Салтанатты жиында екі мектептің директорлары құттықтау сөз сөйлеп, білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу әрі бірлескен жобаларды жүзеге асыру бағытындағы ортақ мақсаттарға тоқталды.
Іс-шараның әсерлі сәттерінің бірі – Жангелдин өңірінен әкелінген Міржақып Дулатұлының туған жерінің топырағы, жусаны мен киелі жердің тасының мектеп музейіне табысталуы болды. Бұл символдық тарту өскелең ұрпақ санасына туған жерге, оның тарихына құрмет пен рухани байланысты терең сіңірді. Бағдарлама аясында білім алушылар авторлық өлеңдерін оқып, ұлттық рухты асқақтатты. Артынша «Балалар кітапханасы» жобасы таныстырылып, «Елі үшін туған ердің мәңгілік мұрасы» көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ робототехника үйірмесінің жетістіктері көрсетіліп, «Домбыра дастан» музыкалық бағдарламасы ұлттық өнерді дәріптеді. Іс-шара барысында «Бес асық» ұлттық ойыны ұйымдастырылып, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық бағыты аясындағы таныстырылым өтті. Қонақтар ашық сабақтарға қатысып, үйірме жұмыстары мен оқушылардың жетістіктерімен жақынырақ танысты.
«Екі мектеп – бір мұрат» қағидасы негізінде алдағы уақытта бірлескен ғылыми жобалар, онлайн семинарлар, оқушылар алмасу бағдарламалары мен ортақ патриоттық іс-шаралар жоспарлануда.

Гүлнәз ӨМІРЗАҚ,
Аружан ҚОНАҚБАЕВА,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ журналистика мамандығының
4-курс студенттері

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.