ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Мичурин жалпы білім беретін мектебінде салтанатты жиналыс өтті. Оған Мичурин ауылының аса қадірлі еңбек ардагерлері мен өңірге аты мәлім басқа да құрметті қонақтар қатысты.
Атап өтер болсақ, «Nur Otan» партиясының Қостанай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марина Растегаева, Қостанай аудандық маслихат депутаты, «Половниковское» ЖШС директоры Олег Двоеглазов, Мичурин ауылдық округінің әкімі Балтабек Жумагалиев, Мичурин жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары және қызметкерлер ұжымы қатысты.
Іс-шара мектепішілік театр үйірмесінің «Желтоқсан оқиғасы» қойылымымен басталды. Көрерменнің жүрегіне жол тапқан қойылымнан соң, жиналыстың саланатты ашылуында ҚР Мемлекеттік әнұраны орындалды. Салтанатты жиналыс мектеп басшысы, ҚР білім беру ісінің үздігі Айнаш Даданованың баяндамасымен жалғасты. Өз сөзінде ол Мичурин мектебінің тәуелсіздік жылдарындағы оқу-тәрбие үрдісінде жеткен жетісіктері туралы баяндалды.
Кейін «Nur Otan» партиясының Қостанай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марина Александровна жиналысқа қатысушыларды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, «Nur Otan» партиясына жаңадан қабылданған ұстаздар мен қызметкерлерге партия билеттерін табыс етті. Аудандық мәслихат депутаты Олег Юрьевич құттықтау сөз сөйлеп, мектеп басшысына ҚР Парламент Сенатының Құрмет грамотасын табыстады. Ауыл әкімі Балтабек Казгереевич мерекемен құттықтаған соң, ауыл ардагерлеріне мадақтама табыс етті. Сондай-ақ мектеп өмірінің дамуына қосқан үлестері үшін демеушілерге мектеп басшысының атынан Алғыс хат берілді.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында мектеп педагогтері мен қызметкерлері аудандық білім бөлімінің, ауыл әкімінің, мектеп басшысының Алғыс хаттарымен және мадақтамаларымен марапатталды. Салтанатты жиналыстың сәнін келтірген концерттік нөмірлер көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Іс-шара мектеп басшысының орындауындағы «Атамекен» әнімен және көпұлтты Қазақстанды бейнелейтін әр түрлі ұлттық костюмдермен шыққан ұжымның сүйемелдеуімен өз мәресіне жетті.
Ерасыл ҚАЗЫБАЕВ,
Айжан ЖАБАЕВА,
Мичурин ЖББМ
директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасарлары,
Қостанай ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.