Туған жерге деген құрмет сезімі – әрбір адамның қанында бар қасиет екендігі даусыз. Қожа ауылындағы Науырзым жалпы білім беретін мектебінен талай шәкірттер түлеп ұшып, еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жатқаны ұстаздар қауымы үшін зор мақтаныш.

Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмытылмас сәттері болып мектепте өткізген уақыт оның жадында мәңгі қалатыны сөзсіз. «Мектеп – кеме, білім – теңіз» десек, сол білім теңізінде шұғылалы сәуле шашып, нұр құятын – мектеп екенін тағы бір мәрте қайталап өтсек, артық болмас. Мектебімізде білім алып, бітіріп кеткен түлектері туған ауылы мен білім алған алған алтын ұясын ұмытпай, қолдау көрсетіп жатқаны жүрекке жылу ұялатары хақ. Олар ауыл шырайын келтіріп тұрған шағын мектептің жабылмауына, көркеюіне үлестерін қосуды көздейді. Солай қамқорлық көрсетіп жүрген азаматтардың бірі – мектебіміздің 1995 жылғы түлегі Бауыржан Тұрмағамбетов.
Жуырда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мектебімізде «Мектептің үздік түлегі Тұрмағамбетов Бауыржан Мүсірепұлы атындағы дәрісхананың» ашылу салтанаты өтті. Оның лентасын аудан әкімі Қайрат Әбішев және Науырзым ауданы білім бөлімінің басшысы Гүлнар Дускулова қиып, салтанатты түрде ашты. Аталған дәрісхананың ашылу салтанатына Науырзым ауданы әкімінің орынбасары Қабидолла Орманов, мектебіміздің бұрынғы директоры Мейрамбек Айсин, Шолақсай жалпы білім беретін мектебінің директоры, 1985 жылғы түлегіміз Жұмабике Нұрсейтова, Бауыржан Тұрмағамбетовтың өзі және сыныптастары, яғни 1995 жылғы мектеп түлектері, Қожа ауылының әкімі Айгүл Күйекбаева мен мектеп ұжымы қатысты.
Аудан әкімі дәрісхананың ашылу салтанатымен құттықтап, аталған игі іске демеушілік көрсеткен Бауыржан Мүсірепұлына алғысын білдірді. Жиналған қонақтар Бауыржан Мүсірепұлы туралы презентацияны тамашалады. Іс-шара Ұстаздар күні мен Қарттар күніне тұспа-тұс келгендіктен, «Ұстаз – ұлы есім, зор тұлға» атты әдеби-сазды бағдарламамен жалғасын тапты. Науырзым ауданының әкімі Қайрат Тынымбайұлы Бауыржан Мүсірепұлына «Жомарт жүрек» премиясының «Жыл меценаты» номинациясы бойынша дипломмен, мектебіміздің директоры Жанат Сейілбекқызы Науырзым жалпы білім беретін мектебінің ұжымы атынан Алғыс хатпен марапаттады.
Бауыржан Тұрмағамбетов 1978 жылы шілденің 21-інде Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Науырзым ауылында дүниеге келген. Әкесі Мүсіреп Тұрмағамбетұлынан ерте айырылып, 6 жасынан бастап тек анасы Ақлима Тұрмағамбетованың тәрбиесінде болды. 1985 жылы Науырзым орта мектебінің 1-сыныбына қабылданып, 1995 жылы осы мектепті үздік бағамен тәмәмдап, «Ерекше аттестат» иегері атанды. Мектеп қабырғасында жүргенде Бауыржан белсенді оқушылардың қатарында болып, мектеп өміріндегі түрлі қоғамдық жұмыстарда, білім сайысында, спорттық шараларда өзін жақсы қырынан таныта білді. Аудандық және облыстық олимпиадаларда жүлделі орындар иеленіп, мектеп беделінің нығаюына үлес қосты.
Ал 2008 жылдан бастап өзінің туған Қожа ауылына және түлеп ұшқан алтын ұя мектебіне демеушілік көрсетіп келеді. «Жақсының жақылығын айт» демей ме, Бауыржан Мүсірепұлы ең алғаш Қожа ауылындағы зиратты қоршады. Артынша 2015 жылы мектептің қазандығын жөндеуге қаржылай көмек көрсетіп, 2016 жылы мектеп оқушыларына спорттық заттар, соның ішінде баскетбол және волейбол доптарын, күреске арналған арнайы киімдерді, баскетбол командасына арналған спорттық киімдерді табыстады. Сол жылы мектеп оқушылары арасында қазақша күрестен жарыс өткізіп, сыйлықтар табыстады. 2017 жылы мектепке музыкалық аппаратура сыйласа, 2018 жылы мектеп оқушыларына домбыра, гитара, спорттық заттар алып берді. Сөйтіп жыл сайын мектепті қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіп келеді. Енді, міне, жаңа дәрісхана мен материалдық-техникалық базамен жабдықталған бастауыш сынып кабинеті оқушыларға сапалы білім беру жолында жақсы бір қолдау болады деп есептейміз.
Абай атамыз: «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», – дегендей, мектеп түлектері еліміздің дамуына ықпал етіп қана қоймай, туған жердің және алтын ұя мектебінің гүлденуіне ат салысып жүр. Бауыржан Мүсірепұлына туған ауылы мен мектепке демеушілік көрсетіп, материалдық жәрдем және қайырымдылық қолдау жасап жатқаны үшін Науырзым жалпы білім беретін мектебінің ұжымы атынан алғыс білдіреміз. Деніне саулық, отбасына бақ-береке тілей отырып, толағай табыстарға жете беруіне тілектеспіз.
Сымбат СТАМКУЛОВА,
Науырзым ЖББМ
директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.